Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил регулирования водных отношений между областями Республики Казахстан

Қаулы · № 21 · қабылданған 09.01.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-18115/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
Об утверждении Правил регулирования водных отношений между областями Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 21 ·09.01.2004
29.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил регулирования водных отношений между областями Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 21 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил регулирования водных отношений между областями Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының облыстары арасындағы су қатынастарын реттеу ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
21
Қабылданған күні
09.01.2004
Көрсетілген редакция
29.12.2023 18115_678867.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040000021_
ЭКБ идентификаторы
18115
Редакция идентификаторы
18115_678867
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:36

0 Қазақстан Республикасының облыстары арасындағы су қатынастарын реттеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегi Су кодексi 36-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiп отырған Қазақстан Республикасының облыстары арасындағы су қатынастарын реттеу ережесi бекiтілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

3 Қазақстан Республикасының облыстары арасындағы су қатынастарын реттеу ережесi

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 9 қаңтардағы
N 21 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының облыстары арасындағы су қатынастарын реттеу ережесi

1. Осы Ереже трансшекаралық суларды қоспағанда, су объектiсiнiң бассейнi екi немесе одан да кеп облыс аумағында орналасқан жағдайдағы Қазақстан Республикасының облыстары арасындағы су қатынастарын реттеу тәртiбiн айқындайды.

2. Республика облыстары арасындағы су қатынастарын реттеу мақсаты халықтың, облыстар экономикасы салаларының қазiргi және перспективалық қажеттерiн қанағаттандыру әрi бассейндегi қоршаған ортаның экологиялық орнықтылығын сақтау үшiн облыстар арасында жер бетi су ресурстарын бөлу жөнiнде шаралар қабылдау болып табылады.

3. Республика облыстары арасындағы су қатынастарын реттеудi су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) және оның бассейндiк басқармалары су ресурстары мен су шаруашылығы теңгерiмдерiн кешендi түрде пайдалану мен қорғаудың бекiтiлген басты және бассейндiк схемалары негiзiнде облыстар бойынша су тұтыну лимиттерiн белгiлеу облыстық атқарушы органдардың ұсыныстарын ескере отырып, бассейндегi су ресурстарын ұтымды пайдалану әрi қорғау жөнiндегi iс шаралар әзiрлеу және оларды iске асыру жолымен жүзеге асырады.

4. Су объектiлерiн қалпына келтiру әрi қорғау жөнiндегi iс-шараларды iске асыру, су объектiсiнiң бассейнi шегiнде орналасқан бассейндiк басқармалар, жергiлiктi атқарушы органдар мен басқа да субъектiлер арасында бассейндегi су қорын пайдалану мен қорғау саласында туындаған проблемаларды шешу мақсатында оның шеңберiнде бассейндiк кеңес құрылатын бассейндiк келiсiмдер жасалады.

5. Бассейндiк келiсiмдерде проблемалық мәселелердi шешу және оларды орындау мерзiмi көрсетiлiп, нақты су қорғау iс-шараларын iске асыру үшiн қажеттi күштер мен құралдарды бiрiктiру жөнiндегi тараптардың ниетi қамтылады.

6. Облыстық атқарушы органдар бассейндегi су қорын пайдалану мен қорғау саласында облысаралық маңызы бар проблемалық мәселелер туындаған кезде оларды тиiстi бассейндік кеңестің қарауына енгiзедi.

7. Бассейндiк кеңес ұсынылған проблемалық мәселелердi қарап, су қатынастарын реттеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлейдi, олардың негiзiнде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және жергiлiктi атқарушы орган бассейннiң су объектiлерiн дамыту, қалуына келтiру және қорғау жөнiнде жыл сайын жоспарланатын бағдарламаларда, ғылыми және жобалық әзірлемелерде туындаған мәселелердi шешу үшiн iс-шаралар көздейді.

Қолданыстағы