Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық сервитутты белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 15.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2023 181307_632174.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23NGE0005B
- ЭКБ идентификаторы
- 181307
- Редакция идентификаторы
- 181307_632174
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:03
0 Қоғамдық сервитутты белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және 2023 жылғы 10 ақпандағы № 3 Әулиекөл ауданы жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияның отырыс хаттамасынан үзінді көшірмесінің негізінде Новонежин ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1
1. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне су қүбырына қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 0,0636 гектар Әулиекөл ауданы, Новонежин ауылдық округі, Новонежин ауылының аумағында орналасқан жер учаскесіне шектеулі мақсатты пайдалану құқығы (сервитут) белгіленсін.
2 2. «Новонежин ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;