Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Өзге акт · № 4 · қабылданған 15.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-181330/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Өзге акт ·№ 4 ·15.05.2023
15.05.2023 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Өзге акт ·№ 4 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қоғамдық сервитутты белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4
Қабылданған күні
15.05.2023
Көрсетілген редакция
15.05.2023 181330_632485.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23NGE0004B
ЭКБ идентификаторы
181330
Редакция идентификаторы
181330_632485
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:04

0 Қоғамдық сервитутты белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және 2023 жылғы 10 ақпандағы № 3 Әулиекөл ауданы жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияның отырыс хаттамасынан үзінді көшірмесінің негізінде Новонежин ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

1

1. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қызмет көрсету үшін және су құбыры құрылыстары кешенінің (ӘК) ӘЖ-10 кВ пайдалану үшін жалпы ауданы 0,0387 гектар Әулиекөл ауданы, Новонежин ауылдық округі, Новонежин ауылының аумағында орналасқан жер учаскесіне шектеулі мақсатты пайдалану құқығы (сервитут) белгіленсін.

2 2. «Новонежин ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы