Об утверждении формы заявления собственника (правообладателя) стратегического объекта для получения разрешения на обременение либо его отчуждение
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы заявления собственника (правообладателя) стратегического объекта для получения разрешения на обременение либо его отчуждение
- Атауы (қаз.)
- Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оны иеліктен шығаруға рұқсат алуға арналған өтініш нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 66
- Қабылданған күні
- 16.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2023 181427_632151.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032500
- ЭКБ идентификаторы
- 181427
- Редакция идентификаторы
- 181427_632151
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:00
0 Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оны иеліктен шығаруға рұқсат алуға арналған өтініш нысанын бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 188-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған стратегиялық объектінің меншік иесінің (құқық иеленуші) стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оны иеліктен шығаруға рұқсат алуға арналған өтініш нысаны бекітілсін.
2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
1 Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оны иеліктен шығаруға рұқсат алуға арналған өтініш нысаны
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 16 мамырдағы
№ 66 Бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оны иеліктен шығаруға рұқсат алуға арналған өтініш нысаны
1 1) Стратегиялық объектiнiң меншiк иесi туралы деректер (стратегиялық объектiнiң меншiк иесiнiң атауы, орналасқан жерi)______________ ____________________________________________________________________
(стратегиялық объектiнiң кадастрлық нөмірі)
2 2) Азаматтық-құқықтық мәмiле жасаcу жоспарланып отырған тұлға туралы деректер (акцияларды қаржы нарығында сатуды, кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) иелiктен шығаруды қоспағанда)_____________________________________________________________
_________________________________________________________________
(азаматтық-құқықтық мәміле жасасу жоспарланып отырған тұлғаның атауы, орналасқан жерi)
____________________________________________________________________
(азаматтығы туралы, ол болмаған кезде тұрақты орналасқан жерi, тұратын мекенжайы (жеке тұлғалар үшiн) туралы мәлiметтер) ____________________________________________________________________
(заңды тұлға ретiнде тiркелген жерi және нақты орналасқан жерi (заңды тұлғалар үшiн) туралы мәлiмет)
____________________________________________________________________
(стратегиялық объектілердің түрлерін көрсете отырып, стратегиялық объектілердің азаматтық-құқықтық мәмілесін жасасу жоспарланып отырған адамның меншігінде болуы туралы мәліметтер)
____________________________________________________________________
(тұлғада стратегиялық объектiлерге (стратегиялық объектiлердi және сатып алушының түпкілікті бенефициарларын көрсете отырып) меншiк құқығының (өзге де заттық құқықтарының) болуы туралы мәлiметтер) ____________________________________________________________________
(стратегиялық объектіні сатып алушының нақ осы саладағы оның үлестес тұлғаларымен өзара байланыстағы құрылымы)
3 3) Стратегиялық объектіні құру туралы ақпарат ____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(стратегиялық объектінің қызмет саласы)
4 4) Стратегиялық объектiнiң жалпы сипаттамасы және оның техникалық сипаттамалары________________________________________________________________
__________________________________________________________
(стратегиялық объектінің құны (оның нарықтық құнын айқындайтын бағалау туралы есепке сәйкес)
5 5) Иелiктен шығару (үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу) бойынша жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiленiң негiздемесi __________ ____________________________________________________________________
Иелiктен шығару (үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу) жөніндегі азаматтық-құқықтық мәмiленi жасаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырмалы талдау
Қосымша: ____________________________________________________________________
(«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 188-бабының 1 және (немесе) 2-тармағында көрсетiлген құжаттар).