Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Отырарскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Отырарскому району
- Атауы (қаз.)
- Отырар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/16-VIII
- Қабылданған күні
- 12.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2023 181433_631316.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23UI627313
- ЭКБ идентификаторы
- 181433
- Редакция идентификаторы
- 181433_631316
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:06
0 Отырар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Отырар ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Отырар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Отырар ауданының мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Отырар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 18/87-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4227 болып тіркелген);
2
2) «Отырар ауданының мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 18/87-VI «Отырар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 29 тамыздағы № 45/213-VI шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5179 болып тіркелген).
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Отырар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Отырар ауданының мәслихатының
шешіміне қосымша 2023 жылғы
12 мамырдағы № 2/16-VIII
Отырар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы
Есептік бірлік
Теңге (Қосылған құн салығынсыз)
Жайлы үйлер
1 айына тұрғыннан
145
Жайлы емес үйлер
1 айына тұрғыннан
150
Жылдық тариф бірлігіне (көлемі)
1 м3
1 623