Об утверждении Правил представления отчетности племенными центрами, дистрибьютерными центрами по реализации семени и эмбрионов племенных животных и республиканскими палатами
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил представления отчетности племенными центрами, дистрибьютерными центрами по реализации семени и эмбрионов племенных животных и республиканскими палатами
- Атауы (қаз.)
- Асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталықтардың және республикалық палаталардың есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 182
- Қабылданған күні
- 15.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2023 181443_632129.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032503
- ЭКБ идентификаторы
- 181443
- Редакция идентификаторы
- 181443_632129
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:03
0 Асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталықтардың және республикалық палаталардың
есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталықтардың және республикалық палаталардың есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталықтардың және республикалық палаталардың есептілікті ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 15 мамырдағы
№ 182 бұйрығымен
бекітілген
Асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталықтардың және республикалық палаталардың
есептілікті ұсыну қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталықтардың және республикалық палаталардың есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-бабына сәйкес әзірленді және асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталықтардың және республикалық палаталардың есептілікті беру тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1
1) асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық (бұдан әрi – дистрибьютерлiк орталық) – асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды сатып алу, сақтау және өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) хабарлаған заңды тұлға;
2 2) асыл тұқымдық орталық – асыл тұқымды тұқымдық жануарларды күтіп-ұстау жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы уәкілетті органды хабардар еткен, асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды алумен, жинақтаумен, сатып алумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын заңды тұлға;
3 3) асыл тұқымды тұқымдық жануар – ауыл шаруашылығы жануарын өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды жануардың дара аталығы;
4 4) республикалық палата – асыл тұқымды жануарларды өсiрудi және (немесе) өсімін молайтуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн білдіру және қорғау үшiн құрылатын және жұмыс істейтін, коммерциялық емес, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым.
2 2-тарау. Асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталықтардың және республикалық палаталардың есептілікті ұсыну тәртібі
3 3. Есептілікті жүргізу:
1 1) Қазақстан Республикасы бойынша асыл тұқымды жануарларды;
2 2) Асыл тұқымдық орталықтарда ұсталынатын, асыл тұқымды жануарларды;
3 3) Қазақстан Республикасы бойынша ұрпақ сапасы және (немесе) геномдық бағалау бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық жануардан алынған ұрықтарды есепке алу мақсатында жүргізіледі.
4
4. Асыл тұқымдық орталықтар, дистрибьютерлік орталықтар және республикалық палаталар «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32424 болып тіркелген) (бұдан әрі – әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар) сәйкес уәкілетті органға есептілік ұсынады.
5 5. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды асыл тұқымдық орталықтар, дистрибьютерлік орталықтар және республикалық палаталар ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі не уәкілетті органның кеңсесіне қолма-қол енгізіледі.
6 6. Бұл есептіліктер мүдделі тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді және уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың онына дейін, ал жыл сайынғы, есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 5 ақпанына дейін және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
7
7. Асыл тұқымды орталықтар, дистрибьютерлік орталықтар және республикалық палата бұрын ұсынған есептіліктер бойынша қателер анықталған жағдайда, асыл тұқымдық орталық, дистрибьютерлік орталық, республикалық палата 2 (екі) жұмыс күні ішінде қателерді түзетеді және есептіліктің түзетілген нұсқасын осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес уәкілетті органға ұсынады.
8
8. Уәкiлеттi орган асыл тұқымдық орталықтар, дистрибьютерлік орталықтар және республикалық палаталар ұсынған есептiлiкте қателерді анықтаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес асыл тұқымдық орталықтарға, дистрибьютерлік орталықтарға және республикалық палаталарға қатысты асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау жүзеге асырылады.