Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Отырарскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Отырарскому району
- Атауы (қаз.)
- Отырар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/14-VIII
- Қабылданған күні
- 12.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2024 181559_693326.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23UI627913
- ЭКБ идентификаторы
- 181559
- Редакция идентификаторы
- 181559_693326
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:06
0 Отырар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Отырар ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
Отырар ауданының мәслихатының
2023 жылғы 12 мамырдағы
№ 2/14-VIІІ шешіміне 1-қосымша
Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
1 1. Әлеуметтік көмек түрінде тұрғын үй сертификатының мөлшері әрбір алушы үшін қарыз сомасының 10%-ы, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2 2. Әлеуметтік қолдау түрінде тұрғын үй сертификатының мөлшері әрбір алушы үшін қарыз сомасының 10%-ы, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
6 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Отырар ауданының мәслихатының
2023 жылғы 12 мамырдағы
№ 2/14-VIІІ шешіміне 2-қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
1 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
1-1 1-1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
1-2 1-2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
2 2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
3 3) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
4 4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7 7) қандастар;
8 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9 9) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
10 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
11 11) толық емес отбасылар;
12
12) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес, қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып айқындалатын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттік ұйымдарының мамандары.