Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня электронных средств слежения, используемых службой пробации

Бұйрық · № 404 · қабылданған 17.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-181587/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении перечня электронных средств слежения, используемых службой пробации Қолданыста Бұйрық ·№ 404 ·17.05.2023
17.05.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня электронных средств слежения, используемых службой пробации

Қолданыста Бұйрық ·№ 404 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня электронных средств слежения, используемых службой пробации
Атауы (қаз.)
Пробация қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
404
Қабылданған күні
17.05.2023
Көрсетілген редакция
17.05.2023 181587_631670.kaz
Соңғы өзгеріс
17.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032526
ЭКБ идентификаторы
181587
Редакция идентификаторы
181587_631670
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:58

0 Пробация қызметкерлері пайдаланатын электрондық

бақылау құралдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы бірінші бөлімінің 1-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Пробация қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Пробация қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 17 мамырдағы
№ 404 бұйрығына
қосымша
Пробация қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі

1

1. Пробация қызметі шартты түрде сотталғандар мен бас бостандығын шектеуге сотталғандарға тиісті бақылауды қамтамасыз ету және олардың жүрген жері туралы ақпарат алу үшін пайдаланатын электрондық бақылау құралдары дербес бақылау құралдарынан, техникалық құралдардан және мониторинг құрылғыларынан тұрады.

2 2. Дербес бақылау құралдары:

1 1) радиоэлектрондық білезік (қашықтықтан сәйкестендіру және оның жүрген жерін қадағалау мақсатында есепте тұрған адамның денесіне тағуға арналған, рұқсатсыз шешу мен корпусты ашуды бақылаудың ішіне орнатылған жүйесі бар электрондық құрылғы);

2 2) дербес трекер (жаһандық навигациялық спутник жүйесінің дабылы бойынша қашықтықтан сәйкестендіру және оның жүрген жерін қадағалау мақсатында есепте тұрған адамның денесіне тағуға арналған, рұқсатсыз шешу мен корпусты ашуды бақылаудың ішіне орнатылған жүйесі бар электрондық құрылғы);

3

3) стационарлық бақылау құрылғысы (үй-жайда немесе белгіленген аумақта болу режимін бақылау үшін радиоэлектрондық білезік дабылын үздіксіз тәулік бойы қабылдауды және сәйкестендіруді, сондай-ақ радиоэлектрондық білезікті шешуге және бұзуға әрекет етуді және өзге бұзушылықтарды хабарлауды қамтамасыз ететін есепте тұрған адамдарға арналған электрондық құрылғы);

4

4) мобильді бақылау құрылғысы (есепте тұрған адамдарға белгілі бір жерден тыс болған кезде стационарлық бақылау құрылғысымен жарақталған радиоэлектрондық білезікпен бірге тағуға арналған, жаһандық навигациялық спутник жүйесінің дабылдары бойынша оның орналасқан жерін қадағалауды, сондай-ақ радиоэлектрондық білезікті шешуге және бұзуға әрекет етуді және өзге бұзушылықтарды хабарлауды қамтамасыз ететін электрондық құрылғы);

5 5) трансляцияның стационарлық құрылғысы (жаһандық навигациялық спутник жүйесінің сигналынсыз үй-жайда радиосигнал шығаруға және дербес трекердің жұмысын қамтамасыз етуге арналған электрондық құрылғы);

6 6) дыбыс-бейнебақылаудың стационарлық құрылғысы (есепте тұрған адамды автоматты түрде көзбен шолуға және дауысымен сәйкестендіруге арналған электрондық құрылғы);

7 7) фото электр-химиялық бақылаудың стационарлық құрылғысы (автоматты түрде көзбен шолып бақылауға және сәйкестендірілетін есепте тұрған адамның ауаға дем шығаруы арқылы қанындағы алкогольдің көлемін анықтауға арналған электрондық құрылғы).

8 8) телекоммуникация құралы (есепте тұрған адамды сәйкестендіру үшін көзбен шолу мен дауысақпаратын қашықтықтаyқабылдаужәнежолдауға, сондай-ақ жаһандық навигациялық спутник жүйесінің сигналы бойыншатұрған жерін қадағалауғамүмкіндік беретін электрондық мобильдік байланыс құрылғысы).

3 3. Мониторингтің техникалық құралдары мен құрылғылары:

1 1) мониторинг сервері (қашықтықтан сәйкестендіру, ақпарат алу, өңдеу, сақтау және беру жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен);

2 2) дыбыс-бейнебақылау сервері (көзбен шолу және дауысты сәйкестендіру, ақпаратты жазу, өңдеу, сақтау және беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен);

3 3) оператордың автоматтандырылған жұмыс орны (есепте тұрған адамның белгіленген шектеулерді орындауы туралы ақпаратты өңдеуге және бейнелеуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен);

4

4) мониторингтің мобильдік пульті (радиоэлектрондық білезіктердің және дербес трекерлердің сигналдарын қабылдауды және сәйкестендіруді, сондай-ақ есепте тұрған адамның белгіленген шектеулерді орындауы туралы ақпаратты өңдеуді және бейнелеуді қамтамасыз ететін тасымалданатын портативті құрылғылар кешені);

5 5) мониторингтің телекоммуникациялыққұралы(есепте тұрған адамды сәйкестендіру үшін көзбен шолу мен дауыс ақпаратын қашықтықтаyқабылдаужәнежолдауға, сондай-ақ жаһандық навигациялық спутник жүйесінің сигналы бойынша тұрған жерін қадағалауға мүмкіндік беретін электрондық мобильдік байланыс құрылғысы).

Қолданыстағы