О внесении изменения и дополнения в Регламент Мажилиса Парламента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в Регламент Мажилиса Парламента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9-VIII МП
- Қабылданған күні
- 29.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2023 181600_632167.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- B2300000009
- ЭКБ идентификаторы
- 181600
- Редакция идентификаторы
- 181600_632167
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:06
0 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
Регламентіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Регламентінің 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 1996 жылғы 8 ақпандағы Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентіне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
157-тармақта:
бірінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Саяси партия фракциясының ең аз саны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген кедергіні еңсерген саяси партиялар үшін бөлініп берілген депутаттық мандаттардың ең аз санына сәйкес келуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутат:
сайлауға саяси партия ұсынған жағдайда – өзін ұсынған саяси партияның фракциясында;
өзін-өзі ұсынған жағдайда – өзі мүшесі болып табылатын саяси партияның фракциясында бола алады.».