Об утверждении Правил подготовки и проведения отопительного сезона в Туркестанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил подготовки и проведения отопительного сезона в Туркестанской области
- Атауы (қаз.)
- Түркістан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/29-VIII
- Қабылданған күні
- 28.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2023 181633_632017.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23U0628213
- ЭКБ идентификаторы
- 181633
- Редакция идентификаторы
- 181633_632017
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:22
0 Түркістан облысында жылу маусымына дайындық және
оны өткізу Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Түркістан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Түркістан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары
Түркістан облыстық мәслихаты
2023 жылғы 28 сәуірдегі
№ 2/29-VIII Шешімімен бекітілген
Түркістан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
Осы Түркістан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жобасы Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» заңына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының талаптарына сәйкес әзірленген және Түркістан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу тәртібін анықтайды.
1
1. Қағидалар Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешен ұйымдарының облыстың өндірістік, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешен объектілерін жылу маусымына дайындық, оның өтуі кезеңінде тұрақты қызмет көрсетуін қамтамасыз ету үшін қызметін үйлестіреді.
2
2. Облыстың тұрғын үй-коммуналды және отын-энергетикалық кешеніне жататын ұйымдар мен мекемелер тұтынушыларды жылумен жабдықтауды тұрақты қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия тасығыштардың қажетті параметрлерін сақтайды және тұрғын үйлер мен ғимараттардағы қалыпты температуралық режимді, олардың белгіленуі мен энергия тұтынудың төлемдік тәртібін ескере отырып қамтамасыз етеді.
3 3. Облыс аумағында күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа объектілердің дайындығы қысқы жылу маусымына дайындық туралы облыс әкімдігінің жыл сайынғы қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
4 4. Осы Қағидаларды:
1 1) облыстың жергілікті атқарушы органдары;
2 2) ведомстволық бағыныстылығы және меншік нысанына қарамастан, балансында, жедел басқаруында, шаруашылық жүргізуі немесе жалдауында, қызмет көрсетуінде жылумен жабдықтау көздері, инженерлік құрылыстар, коммуникациялар және ғимараттар бар коммуналдық қызметтерді көрсетушілер мен тұтынушылар;
3 3) Түркістан облысының тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен объектілерін салу, монтаждау, реттеу және жөндеумен айналысатын құрылыс-монтаж, жөндеу және реттеуші ұйымдарымен орындауға міндетті.
5
5. Облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешеніне жататын ұйымдары мен мекемелері тұтынушыларды жылу, су, электр, газ, отынмен жабдықтау және су бұрумен тұрақты қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия тасығыштардың қажетті параметрлерін сақтайды және тұрғын үйлер мен ғимараттардағы нормативті температуралық режимді, олардың белгіленуі мен энергия тұтынудың төлемдік тәртібін ескере отырып қамтамасыз етеді.
6 6. Өз құзыреті шегінде Түркістан облысында жылу маусымына дайындау және оны өткізуді жалпы үйлестіру, облыс әкімінің өкімімен бекітілген жылу маусымына дайындау мен оны өткізу жөніндегі облыстық штабымен жүзеге асырылады.
7 7. Қалалармен мен аудандарының жылу маусымына дайындық пен оны өткізуді үйлестіру, облыс әкімінің өкіміне сәйкес қала және аудан әкімдерімен бекітілген қалалық және аудандық штабтар (бұдан әрі – қалалық (аудандық) штаб) жүзеге асырады.
8 8. Алдағы жылу маусымында облыстың өңірлерінің инженерлік-энергетикалық кешен және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін қысқы жағдайларда жұмысқа дайындаудың жыл сайынғы жоспарын (бұдан әрі – жылу маусымына дайындық жоспары) ұсыну тәртібі:
1 1) облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешеніне жататын кәсіпорындар жыл сайын, жылу маусымы аяқталғаннан кейін қалалар және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жылу маусымына дайындық жоспарларын ұсынады;
2 2) Қалалар және аудандардың жергілікті атқарушы органдары ұсынылған жылу маусымына дайындық жоспарларын бірыңғай жоспарға біріктіреді;
3 3) Қалалар және аудандардың жергілікті атқарушы органдары жылу маусымына дайындықтың бірыңғай жоспарларын жыл сайын 15 мамырға дейін «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жинақ үшін ұсынады.
9 9. Жылу маусымына дайындық жоспарларын орындау жөніндегі есептер мына тәртіпте ұсынылады:
1 1) тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешенге жататын кәсіпорындарымен қалалар және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына – апта сайын дүйсенбі күні;
2 2) Қалалар және аудандардың жергілікті атқарушы органдары өз өңірі бойынша жинақ есепті – «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне апта сайын сейсенбі күні;
3 3) «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс бойынша жинақ есепті – Түркістан облысының әкімдігіне әр аптаның сәрсенбі күні ұсынады.
10 10. Жылу маусымына дайындық кезінде жоспарланған жұмыстар орындалмағанда есепке:
1 1) орындалмау себептері көрсетілген анықтама;
2 2) ахуалды түзету бойынша қабылданып жатқан шаралар;
3 3) жұмыстарды орындаудың жаңа мерзімдері қоса беріледі.
2 2. Жылу маусымына дайындық
11 11. Жылу маусымының дайындығына:
1 1) өткен жылу маусымында анықталған ақауларды талдау, анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою бойынша іс-шараларды орындау;
2 2) жылу маусымына дайындалу жоспарларын әзірлеу;
3 3) мердігер ұйымдармен қаржыландыру және шарттар жасау, мәселелерін шешу, жөндеу және құрылыс-монтаж жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
4 4) жылумен жабдықтау көздері және орталық жылу пункттерінде қажетті жөндеу жұмыстарын өткізу, соның ішінде қазандықтар, түтікшелер, құбырларды қарау және сынап білу;
5 5) жылу желілері жұмысының жылуды беру және гидравликалық режимінің кестесін әзірлеу;
6 6) инженерлік желілерде, соның ішінде жаңартумен, күрделі және ағымдағы жөндеулер, сынаулар және шаюмен байланысты жұмыстарын орындау;
7 7) электр көздерінде, жылу көздерінде және инженерлік желілерде алдын-ала қарау, жоспарлы жөндеулерді орындау;
8 8) ғимараттарды (үйлерді) дайындау, ғимараттардың (үйлердің) ішіндегі инженерлік жүйелердің алдын-ала қаралуы, жөнделуі және ауыстырылуы бойынша жұмыстарды өткізу;
9 9) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде технологиялық апаттарды және табиғат апаты салдарларын жою үшін негізгі және резервті отынның нормативтік қорларын, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстарының апатты қорларын құру;
10 10) отын қоймаларын дайындау, қорлы отын шаруашылықтардың инженерлік жабдықтарының, отын дайындау, отын беру, қоқыс және күлдерді жою жүйелерінің, теміржол және автомобиль кіре беріс жолдарының, өртке қарсы шаруашылықтың жөнделуін орындау жатады.
12 12. Жылу желілерінің күзет аймағы шекарасында осы желілерге иелік ететін ұйымдардың жазбаша рұқсатынсыз:
1 1) кез келген объектілер мен құрылыстарда құрылыс, монтаждау және жер жұмыстарын жүргізуге;
2 2) тиеу- түсіру жұмыстарын жүзеге асыруға, әртүрлі алаңдар, автомобиль көліктерінің тұрақтарын жасауға, әртүрлі материалдарды жинауға;
3 3) қоршаулар мен шарбақтар салуға;
4 4) ұңғымалар мен шурфтарды орнатумен байланысты іздестіру жұмыстар жүргізуге;
5 5) биік жүгі бар немесе жүксіз машиналар мен механизмдердің жол немесе жер бетінен 4,5 метрден жақын өтуге (эстакадтарда автожолдар астында төселген жер үсті құбырларының астында) жол берілмейді.
Жылу желілерінің күзет аймақтарының теміржол және автомобиль жолдары тармақтарының алқаптарымен, құбырлардың күзет аймақтарымен, байланыс, телекоммуникациялар желілерімен және объектілерімен түйісуі кезінде түйісу аумақ учаскелерінде осы объектілерді пайдаланумен байланысты жұмыстарды өткізу мүдделі ұйымдармен олар арасында келісу бойынша жүзеге асырылады.
Жылу желілерінің және оның маңындағы күзет аймақтарындағы ұйымдар, заңды және жеке тұлғалар жылу желілеріне иелік етуші ұйымдардың қызметкерлерінің жылу желілерінің сақталуын және жазым жағдайларды болдырмауды қамтамасыз етуге бағытталған талаптарын орындайды.
13 13. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінде апаттарды жою апатты жағдайларды жою тәртібіне сәйкес және жылумен жабдықтаушы, жылу беруші және жылу тұтынушы, жөндеу-құрылыс, көлік ұйымдары өзара іс-әрекет регламенті ескеріле отырып жүзеге асырылады.
14 14. Жылу көздері мен жылу желілерін пайдалану және жөндеу жұмыстарын өткізу қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
15
15. Жылу көздері мен жылу желілерін жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстары жылыту аралық кезеңінде, облыстың қалалық (аудандық) жергілікті атқарушы органдармен келісілген жұмыстарды жүргізу кестесі бойынша жүргізіледі. Бұл ретте ғимараттарды (тұрғын үйлерді) электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау және сумен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша жылу энергиясын пайдалануға арналған үлгілік шарттың талаптарына сәйкес шаралар қабылданады.
16 16. Жылумен жабдықтау көздерін және жылу желілерін жоспарлы жөндеу, сондай-ақ жылу желілерін сынаудан өткізу жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
17 17. Жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу пункттерінде жұмыстар мынадай мерзімдерде:
1 1) күзгі кезеңдегі жылыту қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажеттілері – жыл сайын 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде;
2 2) жүктелімнің қысқы максимумын өту кезеңінде жылыту қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажеттілері – жыл сайын 1 қазанға дейінгі мерзімде орындалады.
Жылумен жабдықтау көздерін қамтамасыз етуші электр, су құбырлы және газ коммуникацияларын жөндеу және алдын-ала қарау жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқтау ұсынылады.
18 18. Қор отын шаруашылығын жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталады.
19 19. Күзгі-қысқы кезеңде энергетикалық көздеріндегі отынның пайдалану қорының нормасы меншік формасына қарамастан:
жеткізілуі 200 километрге дейін қашықтықта – 10 тәулікті;
жеткізілуі 200 километрден асатын қашықтықта – 20 тәулікті құрайды.
20 20. Жылуды тұтыну жүйелерінің жай-күйіне және қызмет көрсетуіне тұтынушылар мен энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымдар арасындағы жауапкершілік шекарасы олардың теңгерімдік тиесілігінде немесе тараптардың келісімі бойынша анықталады.
21 21. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың жұмысқа әзірлігі паспорттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде, нысандарда және тәртіпте ресімделеді.
3 3. Жылыту режимі
22
22. Жылумен жабдықтаушы ұйымдарға 1 қыркүйекке дейін қаланың және ауданның жылумен жабдықтау жүйелерін байқап көру, қосу кестелерін және гидравликалық және температуралық көрсеткіштердің есептік кестелерін әзірлеп және жергілікті атқарушы органдарымен келісуге ұсынылады. Жылу желілерінің құбырлары тұтынушыларға берілген кестеге сәйкес бекітілген көрсеткішті жылу тасығышты (су және бу) беруді қамтамасыз етеді.
Қосу кестелерінде тұтынушыларды қосудың мына кезектілігі сақталуы тиіс:
1 1) бала, емдік және мектеп мекемелер, оқу орындар;
2 2) тұрғын үйлер, қонақүйлер, жатақханалар;
3 3) қоғамдық және тұрмыстық ғимараттар, театрлар, мәдениет үйлер, әкімшілік ғимараттар, өнеркәсіп кәсіпорындар және басқа ғимараттар.
Бір уақытта толтырылатын үйішілік желілердің санын анықтау кезінде жылумен жабдықтау көздерінің шаруашылық-ауыз сумен қамтылуын, су дайындау және сіңдіру құрылғыларының өнімділігін ескеру қажет.