О признании утратившими силу некоторых решений Иргизского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Иргизского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 11.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 11.05.2023 181648_631963.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23CE008349
- ЭКБ идентификаторы
- 181648
- Редакция идентификаторы
- 181648_631963
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:08
0 Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Ырғыз аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1
1) Ырғыз аудандық мәслихатының «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 5 наурыздағы № 137 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-170 болып тіркелген) шешімі;
2
2) Ырғыз аудандық мәслихатының «Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы № 137 «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»» 2022 жылғы 30 наурыздағы № 119 шешімі.