Об установлении тарифов на регулярные социально значимые внутрирайонные, внутригородские (пригородные) и внутрипоселковые (сельские) автобусные сообщения по Енбекшиказахскому району
Қолданыста
Қаулы
№ 805
18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении тарифов на регулярные социально значимые внутрирайонные, внутригородские (пригородные) и внутрипоселковые (сельские) автобусные сообщения по Енбекшиказахскому району
- Атауы (қаз.)
- Еңбекшіқазақ ауданының ауданішілік, қалаішілік (қала маңындағы) және ауылішілік (ауылдық) әлеуметтік маңызы бар тұрақты автобус қатынастары тарифтерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 805
- Қабылданған күні
- 17.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2023 181651_751338.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23DH600205
- ЭКБ идентификаторы
- 181651
- Редакция идентификаторы
- 181651_751338
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:58
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0 Еңбекшіқазақ ауданының ауданішілік, қалаішілік (қала маңындағы) және ауылішілік (ауылдық) әлеуметтік маңызы бар тұрақты автобус қатынастары тарифтерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбекшіқазақ ауданының ауданішілік, қалаішілік (қала маңындағы) және ауылішілік (ауылдық) әлеуметтік маңызы бар тұрақты автобус қатынастары тарифтері келесі мөлшерде белгіленсін:
– жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 80 (сексен) теңге;
– жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 150 (жүз елу) теңге.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты