О присвоении наименований некоторым составным частям города Туркестан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименований некоторым составным частям города Туркестан
- Атауы (қаз.)
- Түркістан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/26-VIII
- Қабылданған күні
- 28.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2023 181700_632654.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23U0628713
- ЭКБ идентификаторы
- 181700
- Редакция идентификаторы
- 181700_632654
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:22
0 Түркістан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне
атау беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қаласы халқының пікірін ескере отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы, 2021 жылғы 7 желтоқсандағы және 2022 жылғы 20 маусымдағы қорытындылары негізінде Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Түркістан қаласының даңғылдарына келесі атаулар берілсін:
Жаңа шағын аудандағы шартты № 40-көшенің 5-құрылыс аумағындағы атауы жоқ даңғылға Шәмші Қалдаяқов даңғылы;
атауы жоқ даңғылға Есім хан даңғылы.
2 2. Түркістан қаласының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 80 көшеге Күйбасар көшесі;
№ 167 көшеге Дәстүр көшесі;
№ 216 көшеге Майлытоғай көшесі;
Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығындағы № 30 көшеге Аднан Мендерес көшесі.