Об утверждении перечня заболеваний, связанных с воздействием ионизирующих излучений, и Правил установления причинной связи заболеваний с воздействием ионизирующих излучений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня заболеваний, связанных с воздействием ионизирующих излучений, и Правил установления причинной связи заболеваний с воздействием ионизирующих излучений
- Атауы (қаз.)
- Иондаушы сәулелендіру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау ережесiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 34
- Қабылданған күні
- 13.01.2004
- Көрсетілген редакция
- 13.06.2019 18177_409985.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P040000034_
- ЭКБ идентификаторы
- 18177
- Редакция идентификаторы
- 18177_409985
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:35
0 Иондаушы сәулелендіру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау ережесiн бекiту туралы
"Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. Қoca берiлiп отырған:
1 1) Иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесi;
2 2) Иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау ережесi бекiтiлсiн.
2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.02.20. N 110 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгі бiр ай мерзiмде ведомстволық нормативтiк құқықтық кесімдерді осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
7 Иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 13 қаңтардағы
N 34 қаулысымен бекiтiлген
Иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесi
1 1. Иондаушы сәулелендiру әсерiне тiкелей байланысы бар аурулар:
1 1) жітi және созылмалы сәулелiк аурулар;
2 2) сәулелiк катаракта;
3 3) сәулелiк дерматит және күйiктер;
4 4) сәулелiк гипотиреоз;
5 5) сәулелiк аутоиммундық тиреоидит.
2 2. Қатерлi жаңа өскiндер:
1 1) жiтi лейкоз;
2 2) созылмалы лейкоздар және миелодиспластикалық синдром (созылмалы лимфолейкозды қоспағанда);
3 3) қатерлi лимфомдар;
4 4) қомақты қатерлi жаңа өскiндер (өкпе, қалқанша безi, сүт безi обыры, несеп-жыныс жүйесiнiң, асқазан-iшек қолдары мен гепатобиллиарлық жүйенiң қатерлi iсiктерi және тағы басқалар).
3 3. Жалпы соматикалық аурулар:
1 1) қалқанша безi аурулары (аутоиммундық тиреоидит, диффуздық түйiндi зоб);
2 2) қан және қан өндiру жүйесi аурулары (агранулоцитоз, гипопластикалық және апластикалық анемия);
3 3) жүрек-қан тамыры жүйесi аурулары (жүректiң ишемиялық ауруы, гипертониялық aуpу);
4 4) сүйек-бұлшық ет жүйесiнiң дегенерациялық-дистрофиялық зақымдануы (инфекциялық және жарақаттану генезiнен басқа).
4 4. Туа бiткен аурулар және даму кемiстiктерi:
1 1) олигофрения;
2 2) микроцефалия;
3 3) алдыңғы бас сүйектiң және сүйек-бұлшық ет жүйесiнiң даму кемiстiктерi.
28 Иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 13 қаңтардағы
N 34 қаулысымен бекiтiлген
Иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау ережесi
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ереже "Халықтың радиациялық қауiпсiздiгі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегi Заңына сәйкес әзiрленген және иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау тәртібiн регламенттейдi.
2
2. Қазақстан Республикасы халқының иондаушы сәулелендiру әсерi бар ауруларының себептiк байланысын сараптауды иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау жөнiндегi орталық және өңірлiк ведомствоаралық сараптама кеңестерi (бұдан әрi - орталық және өңiрлiк ведомствоаралық сараптама кеңестерi) жүзеге асырады.
3 3. Орталық ведомствоаралық сараптама кеңесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган құрады.
Орталық ведомствоаралық сараптама кеңесiнiң құрамын мүдделi мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітедi.