Құжат мәтініне өту

Об определении размера черты бедности

Бұйрық · № 160 · қабылданған 19.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-181792/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении размера черты бедности Қолданыста Бұйрық ·№ 160 ·19.05.2023
20.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера черты бедности

Қолданыста Бұйрық ·№ 160 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера черты бедности
Атауы (қаз.)
Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
160
Қабылданған күні
19.05.2023
Көрсетілген редакция
20.12.2024 181792_737675.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032547
ЭКБ идентификаторы
181792
Редакция идентификаторы
181792_737675
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:54

0 Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 120-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегі:

1 1) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде;

2 2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген медианалық табыстың 35 пайызы, бірақ көрсетілген тоқсанға есептелген өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес мөлшерінде айқындалсын.

2 2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды;

4 4) осы бұйрықты облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жетекші ететін вице-министрге жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

0 Қазақстан Республикасы Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 19 мамырдағы
№ 160 Бұйрықтың
қосымшасы
Қазақстан Республикасы Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

1 1. «Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 290 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15766 болып тіркелді).

2

2. «Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 290 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2018 жылғы 11 мамырдағы № 129 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16912 болып тіркелді).

3

3. «Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 290 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 195 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18409 болып тіркелді).

4

4. «Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 290 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 523 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19420 болып тіркелді).

Қолданыстағы