Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел земельных отношении Каркаралинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел земельных отношении Каркаралинского района»
- Атауы (қаз.)
- «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 127
- Қабылданған күні
- 23.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2023 181828_632591.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23KM00127A
- ЭКБ идентификаторы
- 181828
- Редакция идентификаторы
- 181828_632591
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:49
0 «Қарқаралы ауданының
жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2 2. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы №79 «Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысы жойылсын.
3 3. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Қарқаралы ауданының
әкімдігінің
2023 жылғы «23» мамырдағы
№ 127 қаулысымен бекітілген
«Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-бөлім) ауданның атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне енеді және аудан шегіндегі, заңнамаларда қарастырылған жер қатынастары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2 2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенттінің және Республикасының заңдарына, басқа да нормативті құқықтық актілерге, сондай- ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3 3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4 4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5 5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6 6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7 7. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8 8. Бөлімнің заңды мекен-жайы: 100800, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Ә. Бөкейханов көшесі 40.
9 9. Мемлекеттік органның толық атауы-«Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10 10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11 11. Бөлім қызметі аудандық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылады.
2 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
12 12. Бөлімнің миссиясы:
экономикалық даму және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің сапалық көрсеткіштерін арттыруға және ауданның азық- түлік қауіпсіздігін нығайтуға септігін тигізетін жерлерді қорғау және тиімді пайдалануға жағдай жасау, ауданның жер қатынастары салаларының дамуы бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу.
13 13. Міндеттері:
1 1) жер ресурстарын, жер қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу;
2 2) жер қатынастарын реттеу саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау, жерге орналастыру жөніндегі шараларды дайындау мен жүзеге асыру;
3 3) жер қатынастарын реттеу саласындағы шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру;
4 4) ретке келтіріліп отырған нарық экономикасы жағдайындағы жөндеу жер қатынастарын реттеу саласындағы әдістемелерін және әрқилы прогрессивті формаларға ықпал ету;
5 5) аудан көлеміндегі елді-мекендерде барлық жер қатынастарын реттеу саласындағы жүргізу және жобалау жоспарларын дайындап, келісу үшін оларды Қарқаралы ауданы әкіміне бекітуге тапсыру;
6 6) тағы басқа заңдармен жүктелген міндеттерін орындау.
14 14. Функциялары:
1 1) жер учаскелерін жеке меншікке және Жер Кодексінде қарастырылған жағдайларды қоспағанда жер пайдалануға беру туралы әкімият қаулыларының жобаларын және ұсыныстар әзірлеу;
2 2) иесіз мүлік ретіндегі жер учаскелерін есепке қою;
3 3) Жер Кодексінде қарастырылған жағдайларды қоспағанда мемлекет қажеттілігі үшін жер учаскелерін алу, оның ішінде сатып алу жолымен алу туралы ұсыныстар енгізу;
4 4) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
5 5) мемлекет жеке меншікке сататын немесе жер пайдалануға беретін нақты жер учаскелерінің бағалау құнын бекіту;
6 6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
7 7) басқа да табиғатты қорғау шаралары кешенінде жер ресурстарын қорғау, топырақ құнарлылығын арттыру, жерлерді тиімді пайдалану бойынша аудандық бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
8 8) аудан аумағындағы елді мекендердің жер шаруашылық орналастыру жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау;
9 9) ауылшаруашылық танаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
10 10) жер учаскелерін немесе мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмейтін жер учаскелерінің құқығын сату жөнінде саудалар (конкурстар, аукциондар) ұйымдастыру және өткізу туралы ұсыныстар енгізу;
11 11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргізу;
12 12) ауданның жер балансын (есебін) әзірлеу;
13 13) жер иелерінің және жер пайдаланушылардың, сол сияқты жер құқығы қатынастары субъектілерінің есебін жүргізу;
14 14) аудан көлемінде жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру;
15 15) ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне паспорттар беру;
16 16) жер учаскелерін жалға алу және сатып алу-сату шарттарын жасау;
17 17) зерттеу жұмыстарына арналған жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы ұсыныстар әзірлеу;
18 18) елді-мекендерде көгалдандыру, абаттандыру Ережелері және басқа да мәселерін реттейтін құжаттарды дайындау;
19 19) аудан әкімінің шешімдеріне сәйкес бекітілген жобалық құжаттар негізінде жер учаскелерін бөлу;
20 20) оның құзырына Қазақстан Республикасының заң актілерімен енгізілген басқа да мәселелер жатады.
15 15. Құқықтары мен міндеттері:
1 1) заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға енуге, шарт жасасуға және заңға қайшы келмейтін басқа да қызметтерді жүзеге асыруға;
2 2) құрылымдық бөлімшелерден, аудандар селолық округ, қала, поселке әкімдері аппараттарынан қажетті ақпараттарды алуға, сондай-ақ оларға орындауға міндетті тапсырмаларды беруге;
3 3) барлық меншік түріндегі кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан аудан әкімиятының құзырына енетін мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды, лауазымды адамдардан ауызша және жазбаша түсініктемелерді алуға және сұратуға;
4 4) ақпараттық мәліметтердің барлық түрлерін, соның ішінде селолық округ, қала, поселке, аудан әкімдері аппараттарының иелігінде бар құпиялықтарды пайдалануға;
5
5) аудан әкімінің тапсырмасы бойынша проблемалық мәселелермен айналысуға және шешуге, аудан әкімияты мәжілістерінде қаралатын мәселелерге байланысты аудан әкіміне бағынатын мемлекеттік кәсіпорындар, атқарушы органдар, селолық округ, қала, поселке әкімдері аппараттарының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін шақыруға;