О внесении изменений в административно-территориальное устройство Енбекшильдерского, Ерейментауского и Сандыктауского районов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в административно-территориальное устройство Енбекшильдерского, Ерейментауского и Сандыктауского районов
- Атауы (қаз.)
- Еңбекшілдер, Ерейментау және Сандықтау аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгертулер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3С-3-12
- Қабылданған күні
- 26.12.2003
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2015 18183_303675.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V03B0002206
- ЭКБ идентификаторы
- 18183
- Редакция идентификаторы
- 18183_303675
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:39
0 Еңбекшілдер, Ерейментау және Сандықтау аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3, 8, 11 баптарына сәйкес, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында, Ерейментау және Еңбекшілдер аудандарының әкімдіктері мен аудандық мәслихаттарының бірлескен өтініштері негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Еңбекшілдер ауданы бойынша:
Тұрғындары көшіп кетулеріне байланысты, Уәлиханов ауылдық округінің Қойтас ауылы қысқартылып, есептеу көрсеткішінен шығарылсын.
2 2. Ерейментау ауданы бойынша:
1 1) Келесі елді мекендер басқа қоныстар дәрежесіне өзгертілсін:
Бозтал ауылдық округінің Ұсамбай ауылы;
Бестоғай ауылдық округінің Чилинка ауылы;
Благодатненское ауылдық округінің Баймен ауылы;
Торғай ауылдық округінің Торғай АҚП елді мекені.
2 2) Жоғарыда аталған қоныстардың тұрғындары төмендегі селолардың құрамына енгізілсін:
Ұсамбай қонысының тұрғындары, Бозтал ауылдық округінің Бозтал ауылының құрамына;
Чилинка қонысының тұрғындары Бестоғай ауылдық округінің Байсары ауылының құрамына;
Баймен қонысының тұрғындары, Благодатненское ауылдық округінің Новокаменка ауылының құрамына;
Торғай АҚП қонысының тұрғындары, Торғай ауылдық округінің Торғай ауылының құрамына.
3 3) Төмендегі елі-мекендер есептік көрсеткіштерден шығарылсын:
Бозтал ауылдық округінің Ұсамбай ауылы;
Бестоғай ауылдық округінің Чилинка ауылы;
Благодатненское ауылдық округінің Баймен ауылы;
Торғай ауылдық округінің Торғай АҚП елді мекені.
3 3. Сандықтау ауданы бойынша:
Богородка, Дорогинка ауылдары мен Мәдениет ауылы шекараларындағы Широковский ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: