Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил согласования объемов внешних займов квазигосударственного сектора

Бұйрық · № 68 · қабылданған 16.05.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-181837/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил согласования объемов внешних займов квазигосударственного сектора Күшін жойған Бұйрық ·№ 68 ·16.05.2023
08.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил согласования объемов внешних займов квазигосударственного сектора

Күшін жойған Бұйрық ·№ 68 · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил согласования объемов внешних займов квазигосударственного сектора
Атауы (қаз.)
Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
68
Қабылданған күні
16.05.2023
Көрсетілген редакция
08.12.2023 181837_673212.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032555
ЭКБ идентификаторы
181837
Редакция идентификаторы
181837_673212
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:02

0 Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

0 Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары

Бұйрықпен бекітілген
Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары

1. Осы Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабына сәйкес әзірленді және топішілік қаржыландыру жөніндегі мәмілелерді және мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында белгіленген шектеулер шеңберінде квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу тәртібін айқындайды.

2. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган құратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жанындағы Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымдары ескеріле отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау арқылы жүзеге асырылады.
Квазимемлекеттік сектордың жоспарланатын кезеңге арналған сыртқы қарыздарының көлемі туралы ұсыныстарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Комиссияның ұсынымдарын алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жібереді.
Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыз алу көлемі туралы ұсыныстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына шығарылады.

3. Оларға қатысты сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.

4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметімен келісілген квазимемлекеттік сектордың жоспарланатын қаржы жылына арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекітеді.

5. Бюджет параметрлері өзгерген жағдайда немесе квазимемлекеттік сектордың түзетілген қарыз алу жоспарлары негізінде квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының бекітілген шекті көлемін түзетуге жол беріледі.

6. Квазимемлекеттік сектор субъектілері өз міндеттемелерін орындауды сыртқы қарыз алу шеңберінде дербес қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы