Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельные участки
- Атауы (қаз.)
- Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1021
- Қабылданған күні
- 19.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2023 181850_633817.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23NA01021A
- ЭКБ идентификаторы
- 181850
- Редакция идентификаторы
- 181850_633817
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:54
0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне осы қаулының қосымшасына сәйкес, коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да тораптардың желілерін жүргізу және пайдалану үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін.
2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Әкімдіктің
2023 жылғы 19 мамырдағы
№ 1021 қаулысына
қосымша
«Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1
1) Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 3 мекенжайы бойынша «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай политехникалық колледжі. Түзету» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жанында 500 орындық жатақхана салу» объектісі бойынша электрмен жабдықтауды жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,1460 гектар;
2
2) Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 3 мекенжайы бойынша «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай политехникалық колледжі. Түзету» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жанында 500 орындық жатақхана салу» объектісі бойынша телефондандыруды жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,0024 гектар;
3
3) Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 3 мекенжайы бойынша «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай политехникалық колледжі. Түзету» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жанында 500 орындық жатақхана салу» объектісі бойынша сумен жабдықтауды жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,1933 гектар;