Об утверждении Положения о районной земельной комиссии Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық жер комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-бабына сәйкес және жер қатынастарын реттеу мақсатымен, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қосымшаға сәйкес, аудандық жер комиссиясы туралы Ереже бекітілсін.
Басқа 1
Аудан әкімдігінің 2003 жылғы 23 желтоқсан № 307 қаулысына қосымша Аудандық жер комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Аудандық жер комиссиясы (бұдан әрі Комиссия) ауданда жер қатынастарын реттеу мақсатымен құрылған, Ақмола облысының Астрахан ауданында тұрақты әрекет етуші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссияны аудан әкімдігі құрайды. Аудан әкімі Комиссияның жеке құрамын аудандық мәслихатта бекітуге ұсынады.
Тармақ 3
3. Комиссия аудандық мәслихат депутаттарының, аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет, сәулет, құрылыс және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық бөлімінің, ауыл шаруашылық бөлімінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (олар бар болса), жер инспекциясы өкілдерінің қатарынан құрылады. Әкімдіктің қарауы бойынша комиссия құрамына басқа да тұлғалар енгізілуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Комиссия Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әрекет етеді.
Тармақ 5
5. Комиссия өзінің қызметінде мына принциптерді басшылыққа алады: заңдылық; лауазымды тұлғалардың өз әрекеттері мен қабылдаған шешімдері үшін жауапкершіліктері.
Тармақ 6
6. Комиссия өз қызметі үшін әкімдік алдында жауапкершілік тартады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі қызметтері.
2. Комиссияның негізгі қызметтері.
Тармақ 7
7. Комиссияның негізгі міндеті өз құзыретінің шегінде заңды және жеке тұлғалардың меншік құқығын және (немесе) жер учаскесін пайдалану құқығын беру мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі
3. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі
Тармақ 8
8. Меншік құқығын және (немесе) жер учаскесін пайдалану құқығын алуға мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жергілікті атқару органына өтініш береді. Өтініште: жер учаскесін пайдалану мақсаты; оның мөлшерінің шамасы; құқық пайдаланудағы сұраныстары; жеке тұлғалардың жеке меншігіне ақысыз жер учаскелері берілген жағдайда, басқа жер учаскесінің барлығы (жоқтығы); пайдалы қазбаларды игерген жағдайда, өтінішіне жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттың көшірмесі тіркеледі; жеке куәлігі немесе төлқұжатының көшірмесі; заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу туралы куәлігінің көшірмесі көрсетілуі тиіс. Өтініш иесі құқық пайдалану сұраныстарына байланысты мыналарды ұсынады: мекемелерге (құрылыстарға, ғимараттарға) құқық беруші құжаттарды; жер учаскесіне құқын растайтын құжатты немесе нотариуспен куәландырылған құжаттың көшірмесін; бюджетке қарызы (жер салығы және (немесе) жер учаскесін пайдаланғаны үшін ақысы) барлығы немесе жоқтығы туралы салық органының анықтамасын; салық төлеушінің куәлігінің көшірмесін; жылжымайтын мүліктер орталығының жер учаскесіне мәміле жасауға қиындық туғызатын ауыртпалықтарының жоқтығы туралы анықтамасын; кондоминиум қатысушыларының жазбаша келісімін.
Тармақ 9
9. Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш, оның түскен күнінен бастап үш айға дейін қаралуы тиіс. Аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет атқару органының тапсырмасы бойынша (елді мекендерде сәулет, құрылыс және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық бөлімімен бірлесіп), сұралушы жер учаскесінің аумақтық қоршалуына сәйкес өтінген мақсатты тағайындалуы бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтайды.
Тармақ 10
10. Комиссия мәжілісін дайындау: Комиссияның қарауына түскен материалдардың уақытымен және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету мақсатында, оларды комиссия төрағасы алдын ала зерттейді де, комиссия мәжілісіне шақыруға жататын тұлғаларды анықтайды. Комиссия айқындайды: берілген материалды қарау оның құзіретіне жататындығын немесе жатпайтындығын; сұралған учаскенің аумақтық қоршалуына сәйкес өтінген мақсатты тағайындалуы бойынша пайдалану мүмкіндігін. Мәжіліс қорытындысы бойынша Комиссия: өтінішті комиссия мәжілісінде қаралуға жататын мәселелердің мәні бойынша қарай алады; өтінішті қанағаттандырудан бас тарта алады. Өтінішті қанағаттандырудан бас тарту жергілікті органның шешімімен ресімделеді, ал көшірмесі өтініш иесіне олар шешім қабылдағаннан кейін 7 күннің ішінде тапсырылады.
Тармақ 11
11. Комиссия мәжілісін өткізу тәртібі: Комиссия мәжілісі жыл бойына қажеттілігіне қарай өткізіле береді. Комиссия мәжілісі, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының 75 пайызы қатысса ғана құқылы. Мәжілісте комиссия төрағасы төрағалық етеді. Комиссия хатшысы дауыс беруге құқылы.
Тармақ 12
12. Комиссия хаттамасы: Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша Комиссия мәжілісі хаттамамен ресімделеді. Қорытынды Комиссия мәжілісіне қатысушы комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен жасалады. Дауыстар тең бөлінген жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші дауыс болып есептеледі. Хаттамада: Комиссияның атауы мен жеке құрамы; Комиссия мәжілісінің өткізілу күні мен орны, қаралып отырған материалдарға қатысты тұлғалардың аты-жөні және тегі; өтініште мазмұндалған тілегі; негізінде Комиссия қорытындысы қабылданған жағдайлар; Комиссия қабылдаған қорытынды көрсетіледі. Хаттамаға мәжіліске қатысқан барлық комиссия мүшелері қол қояды, хаттама комиссия мәжілісінде оқылады және белгіленген шағым беру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді. Комиссия мәжілісінің хаттамасының үзіндісі өтініш иесіне беріледі.
Тармақ 13
13. Комиссия қорытындысына шағым беру: қаралған материалдар бойынша қабылданған Комиссия қорытындысына оның қабылдануына қатысы бар тұлға, оның заңды өкілі немесе қорғаушысы шағым бере алады. Комиссия мәжілісінің хаттамасынан үзінді алынғаннан кейін 10 күннің ішінде ол әкімдікте шағымдалына алады. Арыздың белгіленген мерзімде берілуі, Комиссияның сәйкес қорытындысының орындалуын тоқтата тұрады. Комиссия қорытындысына сотқа, прокурордың қорытындысына шағым беру мерзімі және тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету
4. Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Тармақ 14
14. Комиссия қызметінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі аудан әкімі аппаратына жүктеледі.