Об установлении льготы в виде бесплатного проезда отдельным категориям граждан района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области на общественном транспорте (кроме такси)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении льготы в виде бесплатного проезда отдельным категориям граждан района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области на общественном транспорте (кроме такси)
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдікті белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3-1
- Қабылданған күні
- 18.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 18.05.2023 181984_634540.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23SE751015
- ЭКБ идентификаторы
- 181984
- Редакция идентификаторы
- 181984_634540
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:55
0 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдікті белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 31-баптарына сәйкес, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру түрінде жеңілдік белгіленсін:
1 1) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
2 2) мүгедектігі бар балаларға;
3 3) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған заңды өкілдердің біріне;
4
4) құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға (заңды өкілдердің біріне), оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;