Құжат мәтініне өту

Об организации Каркаралинского государственного национального природного парка в Карагандинской области

Қаулы · № 1212 · қабылданған 01.12.1998
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1820/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации Каркаралинского государственного национального природного парка в Карагандинской области Қолданыста Қаулы ·№ 1212 ·01.12.1998
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации Каркаралинского государственного национального природного парка в Карагандинской области

Қолданыста Қаулы ·№ 1212 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации Каркаралинского государственного национального природного парка в Карагандинской области
Атауы (қаз.)
Қарағанды облысында Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат паркін ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1212
Қабылданған күні
01.12.1998
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI1820_3.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P980001212_
ЭКБ идентификаторы
1820
Редакция идентификаторы
AI1820_3
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:26

0 Қарағанды облысында Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат паркін ұйымдастыру туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы және Кент тау-орман алқаптарының бірегей табиғат кешендерін сақтап қалу және қалпына келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитетінің, Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және Қарағанды облысы әкімінің ұсынысын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шаруашылық жүргізу құқындағы "Қарқаралы орман шаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитетінің қарауындағы "Қарқаралы мемлекеттік табиғат паркі" табиғат қорғайтын мемлекеттік мекеме (бұдан әрі - Мекеме) болып қайта ұйымдастырылсын.
Мекеме, қайта ұйымдастырылып отырған шаруашылық жүргізу құқындағы "Қарқаралы орман шаруашылығы" республикалық мемлекеттік мемлекеттік кәсіпорнының құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мұрагері болып табылады деп белгіленсін.

2 2. Мекемеге тұрақты пайдалануға Қарқаралы ауданының шаруашылықтарының пайдаланатын жерлері мен арнайы жер қорынан қосымша, жалпы ауданы 16 481 гектар жер учаскелері қосымшаға сәйкес берілсін.

3 3. Құрылып отырған Мекеменің аумағында орналасқан ормандар - мемлекеттік ұлттық табиғат парктерінің ормандары деген қорғаныш санатына жатқызылсын.

4

4. Қарағанды облысының әкімі ұйымдастырылып отырған Мекеменің табиғат қорғау режимін қамтамасыз ету мақсатында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алмай, оның сыртқы шекарасының бойымен Мекеменің объектілерін сақтап қалу мен қалпына келтіруге кері әсерін тигізетін кез келген іс-әрекетке тыйым сала отырып, екі шақырымдық қорғау аймағын белгілесін.

5 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті Мекеме жерлерінің шекарасын жергілікті жерде белгілесін.

6 6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитеті белгіленген тәртіппен:

екі ай мерзім ішінде Мекеме туралы ережені әзірлеп, бекітсін;
Мекеменің мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

7 7. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне орман, балық, аң шаруашылығына және ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын ұстауға көзделген қаржының есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

8

8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне орман, балық, аң шаруашылығына және ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын ұстауға 1999 жылға көзделген қаржының шегінде, Нүркен Әбдіров атындағы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне Мекемені ұйымдастыру үшін оның жер учаскелерін алуға байланысты келтірілген шығын үшін 3,5 миллион теңге төлейтін болсын.

9 9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

10 10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

11 Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат паркіне тұрақты пайдалануға берілетін жер учаскелерінің ТІЗБЕСІ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 1 желтоқсандағы
N 1212 қаулысына
қосымша
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат паркіне тұрақты
пайдалануға берілетін жер учаскелерінің
ТІЗБЕСІ
__________________________________________________________________________
|    Жер        |                Учаскелер ауданы, га
|пайдаланушылар-|__________________________________________________________
|дың атауы және |        |     Оның ішінде
|жер учаскелері |Барлығы ___________________________________________
|берілетін      |        |  ауыл  |                    | орманды | Басқа  |
|  жерлердің    |        |шаруашы-|   оның ішінде      |  аумақ  | жерлер |
|   құрамы      |        |  лығы  |____________________|         |        |
|               |        | жерлері|егіс-|шабын-|жайылым|         |        |
|               |        |        |тік-р|дық-р |дар    |         |
|_______________|________|________|_____|______|_______|_________|________|
|1.Қарқаралы    |        |        |     |      |       |         |        |
|ауыл шаруашылы-| 3 700  | 3 300  | 200 | 100  | 3 000 |   -     | 400    |
|ғы колледжі    |        |        |     |      |       |         |        |
|_______________|________|________|_____|______|_______|_________|________|
|2. Нүркен      |        |        |     |      |       |         |        |
|Әбдіров атында-| 1 811  | 1 502  |  -  |  -   | 1 502 |  159    |  150   |
|ғы ауыл шаруа- |        |        |     |      |       |         |        |
|шылығы өндіріс-|        |        |     |      |       |         |        |
|тік кооперативі|        |        |     |      |       |         |        |
|_______________|________|________|_____|______|_______|_________|________|
|3. Ауданның    |        |        |     |      |       |         |        |
|арнайы жер қоры| 10 970 | 10 285 |  -  | 263  | 10 022|   -     |  685   |
|_______________|________|________|_____|______|_______|_________|________|
|   Барлығы     | 16 481 | 15 087 | 200 | 363  | 14 524|  159    | 1 235  |
|_______________|________|________|_____|______|_______|_________|________|

Қолданыстағы