Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении в городе Кокшетау
Қолданыста
Қаулы
·№ А-5/870
·
17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении в городе Кокшетау
- Атауы (қаз.)
- Көкшетау қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-5/870
- Қабылданған күні
- 22.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2023 182003_633401.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23BA857103
- ЭКБ идентификаторы
- 182003
- Редакция идентификаторы
- 182003_633401
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:52
0 Көкшетау қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы
«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Көкшетау қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тариф белгіленсін:
1 1) көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз төлем кезінде жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға:
ересектерге - 100 (жүз) теңге;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 40 (қырық) теңге;
2 2) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға:
ересектерге - 180 (жүз сексен) теңге;
жетіден он бес жасқа дейінгі балаларға – 70 (жетпіс) теңге.
2 2. Электрондық жолақы төлем жүйесі жарамсыз болған жағдайда, көлік карталары арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылар тегін жол жүруге құқығы бар.
3
3. Көкшетау қаласы әкімдігінің «Көкшетау қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тарифті белгілеу туралы» 2019 жылғы 18 қазандағы № А-10/1886 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7427 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қалалық мәслихаты