О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 196
- Қабылданған күні
- 24.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2024 182019_732403.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032579
- ЭКБ идентификаторы
- 182019
- Редакция идентификаторы
- 182019_732403
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:48
0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрі
2023 жылғы 24 мамырдағы
№ 196 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1
1. «Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 269 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11250 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларында:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын әзірлеу және беру «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген «Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.».
2
3 3. «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және айдап өту жерлерін айқындау кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына сәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.».