О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 394
- Қабылданған күні
- 23.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2023 182027_634292.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000394
- ЭКБ идентификаторы
- 182027
- Редакция идентификаторы
- 182027_634292
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:49
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2 2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3 3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері – мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
183, 184, 185, 186 және 187-тармақтарда орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 186-1-тармақпен толықтырылсын:
«186-1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.».