О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 394
- Қабылданған күні
- 23.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2023 182027_634292.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000394
- ЭКБ идентификаторы
- 182027
- Редакция идентификаторы
- 182027_634292
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:49
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері – мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
183, 184, 185, 186 және 187-тармақтарда орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 186-1-тармақпен толықтырылсын:
«186-1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.».