Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Бұйрық · № 86 · қабылданған 24.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-182046/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 86 ·24.05.2023
24.05.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 86 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
86
Қабылданған күні
24.05.2023
Көрсетілген редакция
24.05.2023 182046_635073.kaz
Соңғы өзгеріс
24.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032583
ЭКБ идентификаторы
182046
Редакция идентификаторы
182046_635073
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:47

0 Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрілігі

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізiлетiн кейбір бұйрықтарының тiзбесi

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 24 мамырдағы
№ 86 Бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізiлетiн кейбір бұйрықтарының тiзбесi

1

1. «Клиникалық мамандықтар бойынша үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген клиникалық мамандықтар бойынша үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламаларының тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Медицина.
2. Педиатрия.
3. Стоматология.
4. Медициналық-профилактикалық іс.».

2

2. «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. ЖБП циклінің тізбесінде мазмұны үлгілік оқу бағдарламаларында айқындалатын міндетті компонент пәндерінің көлемін қысқартпай толық көлемде іске асырылады. Тек техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында жеделдетілген оқыту мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары үшін рұқсат беріледі.
ЖБП циклінің «Қазақстан тарихы» және «Философия» пәндерінің мазмұны үлгілік оқу бағдарламаларымен айқындалады.
Кәсіптік даярлау сапасын арттыру және ЖЖОКБҰ-ны даярлау бағыттарының ерекшеліктерін есепке алу мақсатында үлгілік оқу бағдарламаларымен айқындалатын «Шет тілі», «Орыс тілі», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Дене шынықтыру» пәндерінің мазмұнын дербес өзгертеді.
ЖЖОКБҰ үлгілік оқу бағдарламаларымен айқындалатын «Қазақ тілі» пәнінің және әлеуметтік-саяси білім модулінің мазмұнын 50% - ға дейін дербес өзгертеді.
ЖЖОКБҰ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқитын адамдарға ЖБП циклінің оқу пәндері бойынша бұрын игерілген оқыту нәтижелерін тануды жүзеге асырады.
Бұл ретте техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру базасында қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқитын білім алушылар «Қазақстан тарихы» пәнін оқиды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. ЖББ циклі пәндерінің міндетті компонентін оқыту нәтижелері «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) айқындалады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша БП циклі оқу пәндерін зерделеуді және кәсіптік практикадан өтуді қамтиды және бағдарламаның жалпы көлемі 300 немесе 360 кредиттен кемінде 65 немесе 95 академиялық кредитті құрайды.
Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім алушылар «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) сәйкес өткізілетін базалық пәндер циклін меңгеруді аяқтау бойынша білімі мен дағдыларын бағалауға жатады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Интернатурада медицина кадрларын даярлау дуалды оқыту тұжырымдамасы шеңберінде білікті оқытушылардың басшылығымен денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының ғылыми-практикалық базаларында кемінде 5 жыл өтілі бар дәрігерлер қатарынан тәлімгерлерді тарта отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган түлектердің одан әрі кәсіби қызметіне қоятын талаптар негізінде әзірленген жеке жоспар бойынша жүргізіледі.
Интернатурадағы жеке жоспарға сәйкес білім алушы:
1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек, жедел медициналық көмек, мамандандырылған медициналық көмек (оның ішінде жоғары технологиялық), медициналық-санитариялық алғашқы көмек, паллиативтік медициналық көмек және медициналық оңалту көмек көрсететін ұйымдарда пациенттерге жетекшілік етеді;
2) диагностикалық, емдік және профилактикалық іс-шараларды тағайындауға және орындауға қатысады;
3) халық арасында құжаттама және санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді;
4) құрылымдық бөлімшелердің қызметі туралы есептерді жасауға қатысады;
5) профилактикалық қарап-тексерулерге, диспансерлеуге, консилиумдарға қатысады;
6) кәсіптік медициналық қоғамдардың жұмысына қатысады;
7) клиникалық тексерулерге, клиникалық талдауларға қатысады;
8) медициналық ұйымдарда айына кемінде төрт рет кезекшілікке қатысады (интернатурада білім алушының оқу жүктемесін есептеу кезінде кезекшіліктер ескерілмейді);
9) клиникалық және клиникалық-анатомиялық конференциялардың жұмысына қатысады;
10) патологиялық - анатомиялық ашып қарауға қатысады, аутопсиялық, биопсиялық және операциялық материалдарды зерттеуге қатысады;
11) ғылыми жетекшінің басшылығымен магистрлік жоба үшін материалдарды жинауды және деректерді талдауды жүзеге асырады.
Интернатурадағы жеке жоспарға сәйкес «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы:
1) халықтың денсаулығы мен адамның тіршілік ету ортасы туралы деректерді жинауға, өңдеуге, жүйелеуге және құжаттауға қатысады, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелермен жұмыс істейді;
2) аурулардың өршуінің алдын алуға, азайтуға, оқшаулауға және жоюға және сырқаттанушылықты азайтуға бағытталған іс-шараларды жоспарлау және өткізу жөніндегі қызметке қатысады, оның ішінде халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді;
3) инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың пайда болу және таралу себептері мен жағдайларын анықтау жөніндегі қызметке қатысады;
4) инфекциялық және паразиттік ауруларға, инфекциялық аурулар қоздырғыштарының микробқа қарсы препараттарға төзімділігіне эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыруға қатысады, халыққа профилактикалық екпелерді мониторингін жүргізуге қатысады;
5) арнайы зерттеу құралдары мен зертханалық әдістердің көмегімен тіршілік ету ортасы объектілерінің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығының және кәсіптік қызметтің көрсеткіштерін бағалайды;
6) халықтың қоғамдық денсаулығы саласындағы биологиялық тәуекелдерді бағалауға, басқаруға және алдын алуға қатысады және биологиялық қауіптерді статистикалық талдау мен бағалаудың заманауи әдістерін қолданады;
7) халықтың денсаулық жағдайын бағалау және модельдеу жөніндегі қызметке қатысады;
8) ғылыми жетекшінің басшылығымен магистрлік жоба үшін материал жинауды және деректерді талдауды жүзеге асырады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Білім алушының магистрлік жобасының ғылыми жетекшісі және зерттеу тақырыбы ЖЖОКБҰ алдын ала бекіткен әрбір білім беру бағдарламасы үшін мерзімдерге сәйкес алқалы басқару органының (Ғылыми кеңес, Академиялық кеңес, Сенат) шешімімен бекітіледі. Магистрлік жобаны орындауға білім алушыға кемінде бір жыл мерзім берілуі тиіс.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен адамдарға «Медицина магистрі», «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасының түлектері үшін – «Денсаулық сақтау магистрі» дәрежесі, дипломға қоса берілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом (транскрипт) және (немесе) жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement (диплом саплэмент), «Дәрігер» біліктілігі, «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасының түлектері үшін – «Дәрігер-гигиенист, эпидемиолог» біліктілігі берілген интернатураны бітіргені туралы куәлік беріледі.»;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын оқытудың аяқталуының негізгі өлшемшарты білім алушылардың осы Стандарттың қосымшасында көзделген үздіксіз интеграцияланған медициналық білімнің білім беру бағдарламаларының құрылымына сәйкес базалық пәндер циклін, қорытынды аттестаттау және деңгейаралық интеграцияланған бағдарламалардың оқу қызметінің барлық түрлерін, қоса алғанда, бүкіл оқу кезеңі үшін академиялық кредиттердің тиісті көлемін игеруі болып табылады:
1) «Медицина», «Педиатрия», «Стоматология» білім беру бағдарламалары бойынша кемінде 360 академиялық кредит;
2) «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасы бойынша кемінде 300 академиялық кредит.»;
мынадай мазмұндағы 46-тармақпен толықтырылсын:
«46. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің «Медицина», «Стоматология» және «Педиатрия» білім беру бағдарламалары бойынша кемінде 300 кредитті немесе «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасы бойынша кемінде 240 кредитті аяқтағаннан кейін медициналық (клиникалық) практикамен байланысты емес мамандық бойынша жұмыс істеуге ниет білдірген білім алушыға қызметтің барлық түрлерін қоса алғанда, жоғары білім беру нәтижелерін игеру кезінде, жеке оқу жоспарында көзделген қорытынды аттестаттаудың кешенді емтиханын (магистрлік жобаны қорғамай) сәтті тапсырған кезде денсаулық сақтау бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.»;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшамен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«100. Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен адамдарға «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша «Медицина ғылымдарының магистрі» немесе «Денсаулық сақтау магистрі» дәрежесі және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом қосымшасымен (транскрипт) тегін беріледі.
Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен адамдарға «Медицина магистрі», «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасының түлектері үшін – «денсаулық сақтау магистрі» дәрежесі және дипломға қосымша (транскрипт) және (немесе) жалпыеуропалық қосымшасы (Diploma Supplement (диплом саплэмент) бар жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом, «Дәрігер» біліктілігі, «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасының түлектері үшін – «Дәрігер-гигиенист, эпидемиолог» біліктілігі берілген интернатураны бітіргені туралы куәлік беріледі.».
Денсаулық сақтау саласындағы жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3

3. «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31672 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары:
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің үлгілік оқу бағдарламасының 7, 8, 9, 10 қосымшаларына сәйкес тиісті білім беру бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен оқыту нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.»;
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары білімнің үлгілік оқу бағдарламасына 7-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары білімнің үлгілік оқу бағдарламасына 10-қосымшамен толықтырылсын, осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жазылсын.

1 «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім беру бағдарламасының оқу жүктемесінің көлеміне қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 24 мамырдағы
№ 86 Бұйрыққа
1-қосымша
Денсаулық сақтау
саласындағы жоғары білім
берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
қосымша
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім беру бағдарламасының оқу жүктемесінің көлеміне қойылатын талаптар

Цик­л­дер мен пән­дер­дің ата­уы
Жал­пы ең­бек сый­ым­ды­лы­ғы
Мей­ір­гер ісі
Фар­ма­ция, Қо­ғам­дық ден­са­улық
Ака­де­ми­я­лық са­ғат­тар­да
Ака­де­ми­я­лық кре­дит­тер­де
Ака­де­ми­я­лық са­ғат­тар­да
Ака­де­ми­я­лық кре­дит­тер­де
1
2
3
4
5
6
1
Жал­пы бі­лім бе­ре­тін пән­дер цик­лі (ЖБП)
1680
56
1680
56
1)
Мін­дет­ті ком­по­нент
1530
51
1530
51
Қа­зақ­стан та­рихы
150
5
150
5
Фи­ло­со­фия
150
5
150
5
Шет ті­лі
300
10
300
10
Қа­зақ (орыс) ті­лі
300
10
300
10
Ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар (ағы­л­шын ті­лін­де)
150
5
150
5
Әле­умет­тік-са­я­си бі­лім мо­ду­лі (Әле­умет­та­ну, Са­я­сат­та­ну, Мә­де­ни­ет­та­ну, пси­хо­ло­гия)
240
8
240
8
Дене шы­нық­ты­ру
240
8
240
8
2)
ЖОО ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
150
5
150
5
2
Ба­за­лық пән­дер цик­лі (ДҚ)
ке­мін­де 330
ке­мін­де 110
ке­мін­де 4200
ке­мін­де 140
1)
ЖОО ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
2)
Кә­сіп­тік прак­ти­ка
3
Бей­ін­де­у­ші пән­дер цик­лі (ПД)
ке­мін­де 1950
ке­мін­де 65
ке­мін­де 2850
ке­мін­де 95
1)
ЖОО ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
2)
Кә­сіп­тік прак­ти­ка
4
Оқы­ту­дың қо­сым­ша түр­ле­рі (БЖТ)
1)
Таң­дау бой­ын­ша Ком­по­нент
5
Қо­ры­тын­ды ат­те­стат­тау
ке­мін­де
120
ке­мін­де
4
ке­мін­де
120
ке­мін­де
4
1)
Ке­шен­ді ем­ти­ханды дай­ын­дау және тап­сы­ру
120
4
120
4
Қо­ры­тын­ды
ке­мін­де
7200
ке­мін­де
240
ке­мін­де
9000
ке­мін­де
300
№ п/п
Пән­дер цик­л­де­рі­нің және қыз­мет түр­ле­рі­нің ата­уы
Жал­пы ең­бек сый­ым­ды­лы­ғы
Ме­ди­ци­на­лық-про­фи­лак­ти­ка­лық іс
Ме­ди­ци­на, Пе­ди­ат­рия, Сто­ма­то­ло­гия
Ака­де­ми­я­лық са­ғат­тар­да
Ака­де­ми­я­лық кре­дит­тер­де
Ака­де­ми­я­лық са­ғат­тар­да
Ака­де­ми­я­лық кре­дит­тер­де
1
2
3
4
5
6
1
Жал­пы бі­лім бе­ре­тін пән­дер цик­лі (ЖБП)
1680
56
1680
56
1)
Мін­дет­ті ком­по­нент
1530
51
1530
51
Қа­зақ­стан та­рихы
150
5
150
5
Фи­ло­со­фия
150
5
150
5
Шет ті­лі
300
10
300
10
Қа­зақ (орыс) ті­лі
300
10
300
10
Ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар (ағы­л­шын ті­лін­де)
150
5
150
5
Әле­умет­тік-са­я­си бі­лім мо­ду­лі (Әле­умет­та­ну, Са­я­сат­та­ну, Мә­де­ни­ет­та­ну, пси­хо­ло­гия)
240
8
240
8
Дене шы­нық­ты­ру
240
8
240
8
2)
ЖОО ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
150
5
150
5
2
Ба­за­лық пән­дер цик­лі (ДҚ)
ке­мін­де 1950
ке­мін­де 65
ке­мін­де 2850
ке­мін­де
95
1)
ЖОО ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
Оның ішін­де:
Шет ті­лі (кә­сі­би)
Ме­недж­мент
Бас­қа­ру пси­хо­ло­ги­я­сы
180
6
180
6
2)
Кә­сіп­тік прак­ти­ка
3
Бей­ін­де­у­ші пән­дер цик­лі (ПД)
ке­мін­де 3600
ке­мін­де 120
ке­мін­де 4500
ке­мін­де
150
1)
ЖОО ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
2)
Кә­сіп­тік прак­ти­ка
3)
Ин­тер­на­ту­ра
ке­мін­де 900
ке­мін­де 30
ке­мін­де 900
ке­мін­де
30
4
Оқы­ту­дың қо­сым­ша түр­ле­рі (БЖТ)
1)
Таң­дау бой­ын­ша ком­по­нент
5
Экс­пе­ри­мент­тік-зерт­теу жұ­мысы (ЭФИР)
390
13
390
13
6
Қо­ры­тын­ды ат­те­стат­тау
ке­мін­де
360
ке­мін­де
12
ке­мін­де
360
ке­мін­де
12
1)
Ма­ги­стр­лік жо­ба­ны жа­зу, қор­ғау және ке­шен­ді ем­ти­хан тап­сы­ру
360
12
360
12
Қо­ры­тын­ды
ке­мін­де 9000
ке­мін­де
300
ке­мін­де
10800
ке­мін­де
360

2 Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің үлгілік оқу бағдарламасының құрылымы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 24 мамырдағы
№ 86 Бұйрыққа
2-қосымша
Медициналық және
фармацевтикалық мамандықтар
бойынша жоғары білім берудің
үлгілік оқу бағдарламасына
7-қосымша
Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің үлгілік оқу бағдарламасының құрылымы
«Медицина», «Педиатрия», «Стоматология» білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағаннан кейін берілетін дәреже – «Медицина магистрі».
«Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін берілетін дәреже – «Денсаулық сақтау магистрі».
Оқуды аяқтағаннан кейін берілетін біліктілік:
-«Медицина», «Педиатрия», «Стоматология» білім беру бағдарламалары бойынша – «Дәрігер»;
-«Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасы бойынша – «Дәрігер-гигиенист, эпидемиолог».
№ п/п
Пән­дер цик­л­да­ры мен қыз­мет түр­ле­рі­нің ата­уы
Жал­пы кө­ле­мі
«Ме­ди­ци­на­лық-про­фи­лак­ти­ка­лық іс»
«Ме­ди­ци­на»
«Пе­ди­ат­рия», «Сто­ма­то­ло­гия»
Ака­де­ми­я­лық са­ғат­тар­да
Ака­де­ми­я­лық кре­дит­тер­де
Ака­де­ми­я­лық са­ғат­тар­да
Ака­де­ми­я­лық кре­дит­тер­де
1
Жал­пы бі­лім бе­ре­тін пән­дер цик­лі
1680
56
1680
56
1)
Мін­дет­ті ком­по­нент
1530
51
1530
51
Қа­зақ­стан та­рихы
150
5
150
5
Фи­ло­со­фия
150
5
150
5
Шет ті­лі
300
10
300
10
Қа­зақ (орыс) ті­лі
300
10
300
10
Ақ­па­рат­тық ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар (ағы­л­шын ті­лін­де)
150
5
150
5
Әле­умет­тік-са­я­си бі­лім­дер мо­ду­лі (әле­мет­та­ну, са­я­сат­та­ну, мә­де­ни­ет­та­ну, пси­хо­ло­гия)
240
8
240
8
Дене шы­нық­ты­ру
240
8
240
8
2)
Жо­ға­ры оқу ор­ны және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
150
5
150
5
2
Негіз­гі пән­дер цик­лы
ке­мін­де 1950
ке­мін­де
65
ке­мін­де 2850
ке­мін­де
95
1)
Жо­ға­ры оқу ор­ны және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
Оның ішін­де: Шет ті­лі (Кә­сі­би) Ме­недж­мент Бас­қа­ру пси­хо­ло­ги­я­сы
180
6
180
6
2)
Кә­сі­би прак­ти­ка
3
Бей­ін­дік пән­дер цик­лы
ке­мін­де 3600
ке­мін­де
120
ке­мін­де 4500
ке­мін­де
150
1)
Жо­ға­ры оқу ор­ны және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
2)
Кә­сі­би прак­ти­ка
3)
Ин­тер­на­ту­ра
ке­мін­де 900
ке­мін­де
30
ке­мін­де
900
ке­мін­де
30
4
Оқы­ту­дың қо­сым­ша түр­ле­рі
5
Ма­ги­странт­тың экс­пе­ри­мент­тік-зерт­теу жұ­мысы
390
13
390
13
5.1.
Ма­ги­странт­тың тә­жі­ри­бе­лік-зерт­теу жұ­мыста­ры, оның ішін­де та­ғы­лым­да­ма­дан өту және ма­ги­стр­лік жо­ба
6
Қо­ры­тын­ды ате­стат­тау
ке­мін­де 360
ке­мін­де
12
ке­мін­де
360
ке­мін­де
12
1)
Ма­ги­стр­лік жо­ба­ны жа­зу және қор­ғау
240
8
240
8
2)
Ке­шен­ді ем­ти­хан­ға дай­ын­да­лу және тап­сы­ру
120
4
120
4
Қо­ры­тын­ды
ке­мін­де 9000
ке­мін­де
300
ке­мін­де 10800
ке­мін­де
360

3 «Медициналық-профилактикалық іс» бағдарламасының оқыту нәтижелері және құзыреттілiктер тізімі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 24 мамырдағы
№ 86 Бұйрыққа
3-қосымша
Медициналық және
фармацевтикалық мамандықтар
бойынша жоғары білім берудің
үлгілік оқу бағдарламасына
10-қосымша
«Медициналық-профилактикалық іс» бағдарламасының оқыту нәтижелері және құзыреттілiктер тізімі
Құ­зы­рет
Оқу нәти­же­ле­рі
Ба­ға­лау және тал­дау
А. Ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы­на қа­уіп төн­ді­ре­тін мә­се­ле­лер­ді анық­тау:
1. Қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау мә­се­ле­ле­рін/қа­тер­ді анық­тау үшін сы­ни ой­ла­уды қол­да­ну;
2. Мә­се­ле­нің ауқы­мын ба­ға­лау және одан әрі қа­жет­ті әре­кет­тер­ді, олар­дың ғы­лы­ми-тұ­жы­рым­дал­ған де­ректер және ағым­да­ғы жағ­дай ерекше­лік­те­рі негі­зін­де ал­го­рит­мін анық­тау;
3. Мә­се­ле­ні анық­тау неме­се ба­ға­лау үшін ұй­ым ішін­де­гі және одан тыс әріп­те­стер­мен бір­ле­сіп жұ­мыс жа­сау.
В. Ба­қы­лау бой­ын­ша ша­ра­лар жүр­гі­зу:
1. Нақ­ты жағ­дай­лар­ды, қо­ғам­дық ден­са­улық­қа қа­уіп төн­ді­ре­тін және қа­тер­лі жағ­дай­лар­ды эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау үшін ша­ра­лар әзір­леу;
2. Эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау үшін жет­кі­лік­ті мә­лі­мет­тер­дің қа­жет­ті­лі­гін анық­тау;
3. Ат­қа­ры­л­ған жұ­мыс және алын­ған мә­лі­мет­тер негі­зін­де қо­ры­тын­ды жа­сай бі­лу;
5. Эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­ла­удың ти­ім­ді­лі­гін ба­ға­лау (неме­се эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ба­ры­сын­да жүр­гі­зі­ле­тін же­ке ша­ра­лар­ды);
C. Ха­лық­тың ара­сын­да же­дел және со­зыл­ма­лы жағ­дай­лар­ды неме­се бас­қа қо­лай­сыз нәти­же­лер­ді зерт­теу:
1. Ха­лық­тың ден­са­улық жағ­дай­ы­на ба­ға­лау жүр­гі­зу;
2. Бар қа­уіп­тер­ді ше­шу­де ба­сым­ды­лық­ты қою;
3. Ха­лық­тың ден­са­улық жағ­дай­ын зерт­те­удің, тал­да­удың адек­ват­ты әді­сте­рін таң­дау және қол­да­ну;
4. Ги­по­те­за­лар­ды ұсы­ну;
5. Тал­дау жүр­гі­зу­де кө­мек көр­се­ту (мы­са­лы, сыр­қат­та­ну­шы­лық­ты тал­дау, зерт­теу неме­се скри­нинг-бағ­дар­ла­ма­сы).
D. Мә­лі­мет­тер­ді зерт­те­у­ге, жи­на­у­ға, та­ра­ту­ға және пай­да­ла­ну­ға қа­ты­сты эти­ка­лық прин­циптер­ді қол­да­ну:
1. Мә­лі­мет­тер­ді жос­пар­лау, жүр­гі­зу, жи­нау, та­ра­ту және пай­да­ла­ну­да эти­ка­лық нор­ма­лар мен прин­циптер­ді ұста­ну;
2. Мә­лі­мет­тер­ді жи­нақ­тау және олар­ды бас­қа­ру­да заң­ды­лық­тың сәй­кесті нор­ма­ла­рын қол­да­ну;
3. Қо­ғам­дық ден­са­улық са­ла­сын­да жүр­гі­зі­ле­тін зерт­те­улер­де эти­ка­лық нор­ма­лар­ды қол­да­ну;
4. Био­э­ти­ка бой­ын­ша жер­гі­лік­ті, Ұлт­тық ко­мис­си­я­мен өза­ра әре­кет­те­су;
5. Мүд­де­лер қақ­тығ­ы­сын тү­сі­ну және ше­шу;
6. Же­ке өмір­ге қол сұ­ғыл­мау­шы­лық, оның құ­пи­я­лы­лы­ғы, ден­са­улық құқы­ғы­на, та­рап­тар­дың жа­у­ап­кер­ші­лі­гіне қа­ты­сты нор­ма­тив­тік ак­ті­лер­ді қол­да­ну.
E. Ба­қы­лау, тал­дау нәти­же­сін­де неме­се бас­қа көз­дер­ден алын­ған мә­лі­мет­тер­ді бас­қа­ру:
1. Мә­лі­мет­тер ба­за­сы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды құ­ра­с­ты­ру;
2. Мә­лі­мет­тер ба­за­сы­мен жұ­мыс жа­сау;
F. Эпи­де­мио­ло­ги­я­лық зерт­теу мә­лі­мет­те­рін тал­дау;
1. Мә­лі­мет­тер­ді тал­дау жос­па­рын жа­сау;
2. Мә­лі­мет­тер­ді тал­да­уды жүр­гі­зу.
G. Тал­дау нәти­же­ле­рін жал­пы­лау және қо­ры­тын­ды жа­сау:
1. Ұсы­ны­стар­ды әзір­леу үшін эпи­де­мио­ло­ги­я­лық прин­циптер мен әді­стер ту­ра­лы бі­лім­ді қол­да­ну;
2. Ар­найы тал­да­удың қа­жет­ті­лі­гін анық­тау, со­ның ішін­де өмір сү­ру­ді тал­дау, эко­но­ми­ка­лық ти­ім­ді­лік­ті тал­дау/эко­но­ми­ка­лық пай­да/эко­но­ми­ка­лық ти­ім­ді­лік;
3. Орын­дал­ған жұ­мыс ту­ра­лы қо­ры­тын­ды жа­сау, со­ның ішін­де негіз­гі ой­лар­ды бө­ліп көр­се­те бі­лу.
H. Эпи­де­мио­ло­ги­я­лық мә­лі­мет­тер мен жағ­дай­ға негіз­дел­ген нақ­ты дәлел­ді ара­ла­су­лар мен ба­қы­лау ша­ра­ла­рын ұсы­ну
1. Ұсы­ны­стар­ды неме­се ара­ла­су­ды дай­ын­дау үшін мә­де­ни\әле­умет­тік\са­я­си кон­текст­ті ес­ке­ру
2. Әре­кет­тер неме­се ара­ла­су бой­ын­ша ұсы­ны­стар­ды дай­ын­дау ке­зін­де ғы­лы­ми мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну.
Қо­ғам­дық ден­са­улық­тың ғы­лы­ми және тә­жі­ри­бе­лік негі­зі
A. Эпи­де­мио­ло­ги­я­лық про­цес­сті бас­қа­ру және тә­жі­ри­бе үшін сыр­қат­та­ну­шы­лық­тың се­бе­бі ту­ра­лы қа­зір­гі бі­лім­дер­ді қол­да­ну:
1. Адам сыр­қа­ты­ның негіз­гі этио­ло­ги­я­лық про­цес­сте­рін қызығ­у­шы­лық та­ны­та­тын пән­дік са­ла­лар­мен (мы­са­лы, ин­фек­ци­я­лық ау­ру­лар, со­зыл­ма­лы ау­ру­лар) кор­ре­ля­ция жүр­гі­зу;
2. Сыр­қат­та­ну­шы­лық­тың ық­ти­мал тетiк­те­рін анық­тау үшін адам және қор­ша­ған ор­та био­ло­ги­я­сы, со­ны­мен қа­тар мі­нез құлық­тық ғы­лым­дар мен прин­циптер ту­ра­лы бі­лім­дер­ді қол­да­ну;
3. Сыр­қат­та­ну­шы­лық­тың се­беп-сал­дар­лық бай­ла­ны­сы­на, про­фи­лак­ти­ка­сы мен ба­қы­ла­у­ы­на «ие­сі/қор­ша­ған ор­та» мо­де­лі­нің прин­ципте­рін қол­да­ну;
4. Ден­са­улық­тың әле­умет­тік мі­нез-құлық де­тер­ми­нант­та­ры­ның (қо­ғам­дық, са­я­си, әле­умет­тік, жа­нұ­я­лық және же­ке тұ­лға­лық) әсе­рі мен рө­лін және оның сақ­та­луын си­паттау;
5. Сыр­қат­та­ну­шы­лық­тың про­фи­лак­ти­ка­сы және оны­мен кү­ре­су стра­те­ги­я­ла­рын құ­ра­с­ты­ру­да этио­ло­ги­я­лық прин­циптер­ді ен­гі­зу.
B. Эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ша­ра­лар үшін зерт­ха­на­лық әді­стер мен ре­сур­стар­ды қол­да­ну:
1. Скри­нинг және ди­а­гно­сти­ка­лық те­сттер нәти­же­ле­ріне әсер ете­тін фак­тор­лар­ды ес­ке­ре оты­рып, зерт­ха­на­лық мә­лі­мет­тер­ді ин­тер­пре­та­ци­я­лау;
2. Ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы­на қа­ты­сты ла­бо­ра­то­ри­я­лар­дың рө­лі мен мүм­кін­ді­гін, олар­дың эпи­де­мио­ло­ги­я­лық зерт­те­уде қол­да­нуын анық­тау;
3. Үл­гі­лер­ді алу, ком­му­ни­ка­ци­я­мен қо­са зерт­ха­на­лық және эпи­де­мио­ло­ги­я­лық іс-ша­ра­лар­ды жос­пар­лау және үй­ле­сті­ру
4. Үл­гі­лер­ді алу, сақ­тау және та­сы­мал­дау бой­ын­ша қа­жет­ті ша­ра­лар­ды қа­был­дау.
C. Тір­ші­лік ету ор­та­сы мен кә­сіп­тік қыз­мет объ­ек­ті­ле­рі­нің са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы­ның көр­сет­кіш­те­рін ба­ға­лау:
1. Тір­ші­лік ету ор­та­ның, жұ­мыс орын­ның, ат­мо­сфе­ра­лық ауа­ның, то­пы­рақ­тың, су­дың және та­мақ­тық азық-тү­лік­тер­дің ги­ги­е­на­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық жағ­дай­ын ба­ға­лау;
2. Ба­ла­лар мен жа­сө­спі­рім­дер­дің фи­зи­ка­лық да­му көр­сет­кіш­те­рін ба­ға­лау, са­уық­ты­ру ша­ра­ла­рын әзір­леу және жүр­гі­зу;
3. Ха­лық­тың ра­ди­а­ци­я­лық қа­уіп­сіз­ді­гін ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша до­зи­мет­ри­я­лық ба­қы­ла­уды және негіз­гі ша­ра­лар­дың ке­ше­нін жүр­гі­зу.
D. Эпи­де­мио­ло­ги­я­лық тә­жі­ри­бе үшін мә­лі­мет­тер­ді жи­нау, өң­деу және тал­да­у­мен қо­са ақ­па­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар­ды қол­да­ну:
1. Із­де­уді, мә­лі­мет­тер­ді жи­на­уды, ен­гі­зу­ді, аб­страк­ци­я­ла­уды, бас­қа­ру­ды, тал­да­уды, жос­пар­ла­уды, кө­ру­ді, есеп бе­ру­ді қол­дай­тын бағ­дар­ла­ма­лық құ­рал­дар­ды қол­да­ну;
2. Элек­трон­дық жүй­е­лер­де­гі құ­пия ақ­па­рат­тың тұ­та­стығы мен қор­ға­луын қам­та­ма­сыз ету үшін про­це­ду­ра­лар мен тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­ды (қа­уіп­сіз­дік­ті) қол­да­ну;
3. Қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да ше­шім­дер­ді қа­был­дау үшін жа­ңа ақ­па­рат жа­са­уда әр­түр­лі көз­дер­ден мә­лі­мет­тер­ді құ­ра­с­ты­ру;
4. Қа­зір­гі тех­но­ло­ги­я­лар­ды қол­да­ну­мен эпи­де­ми­я­лық және бас­қа про­цес­стер­ді мо­дель­деу прин­ципте­рін тү­сі­ну.
Ком­му­ни­ка­ци­я­лар
A. Қа­жет­ті ақ­па­рат­ты мақ­сат­ты ауди­то­ри­я­ға жет­кі­зу, бе­ру және ұсы­на бі­лу:
1. Орын­дал­ған неме­се жос­пар­ла­на­тын жұ­мыс ту­ра­лы ха­бар­лау үшін мақ­сат­ты ауди­то­ри­я­ны, әді­стер мен маз­мұ­нын анық­тау;
2. Өт­кі­зі­л­ген іс-ша­ра­лар ту­ра­лы ақ­па­рат­ты жа­з­ба­ша және ауыз­ша ком­му­ни­ка­ция құ­рал­да­ры ар­қы­лы кә­сі­би ауди­то­ри­я­ға жет­кі­зу;
3. Эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ақ­па­рат­ты жа­з­ба­ша және ауыз­ша ком­му­ни­ка­ция құ­рал­да­ры ар­қы­лы көп­ші­лік­ке, бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры­на және/неме­се са­я­сат­кер­лер­ге жет­кі­зу;
4. Жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты та­ра­ты­ла­тын ақ­па­рат­тың маз­мұ­нын, оның кө­ле­мін, та­ра­лу жи­і­лі­гін бей­ім­деу;
5. Қо­ғам­дық ден­са­улық­қа қа­уіп төн­ді­ре­тін қа­тер­лер ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­лар­ды әзір­ле­у­ге қа­ты­су;
6. Эпи­де­мио­ло­ги­я­лық мә­лі­мет­тер неме­се жағ­дай ту­ра­лы қо­ғам­дық сұ­ра­ту­лар­ға жа­у­ап бе­ру;
7. Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лық­тың негіз­гі қа­ғи­да­ла­рын эпи­де­мио­лог емес ма­ман­дар­ға неме­се тө­мен­гі дең­гей­де­гі әріп­те­стер­ге тү­сін­ді­ре неме­се үй­ре­те бі­лу;
8. Әріп­те­стер­мен және жұрт­шы­лық­пен қа­рым-қа­ты­на­ста қа­уіп­тер­ді анық­тай бі­лу.
В. Әріп­те­стер­мен және жұрт­шы­лық­пен тұл­ға­ара­лық қа­рым – қа­ты­нас дағ­ды­ла­рын қол­да­ну:
1. Ти­ім­ді тың­дау қа­бі­ле­тін көр­се­ту, әсі­ре­се қо­ғам­дық ден­са­улық­қа қа­ты­сты мә­лі­мет­тер­ді ұсын­ған­да;
2. Кә­сіп­тік, тұл­ға­ара­лық, тәр­ті­па­ра­лық, пәна­ра­лық және көп пән­дік ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ды көр­се­ту.
C. Ти­ім­ді ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар­ды қол­да­ну:
1. Ком­му­ни­ка­ция ар­на­ла­рын таң­да­у­ға қа­ты­су және олар­дың ин­тер­фей­сін анық­тау;
2. Ақ­па­рат­ты элек­трон­дық по­шта, ес­кер­ту же­лі­ле­рі, мә­лі­мет­тер ба­за­сы және т.б. бе­рі­лу ар­қы­лы қа­уіп­сі­зідк­ті, құ­пи­я­ны және заң­ды­лық­ты ес­ке­ре­тін са­я­сат­ты қол­да­ну;
3. Қо­ғам­дық ден­са­улық­ты ны­ғай­ту үшін ти­ім­ді бі­лім бе­ру, мі­нез-құлық әді­сте­рі мен құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну (мы­са­лы, ағар­ту жұ­мыста­ры, мі­нез-құлық­ты өзгер­ту, қо­ғам­да пі­кір­лер­ді қа­лып­та­сты­ру және жұ­мыл­ды­ру, бірі­гіп са­я­сат­ты құ­ра­с­ты­ру ар­қы­лы).
Тә­жі­ри­бе үшін әле­умет­тік-қо­ғам­дық ма­ңы­зды­лық және өза­ра әре­кет ету
A. Эпи­де­мио­ло­ги­я­лық зерт­те­улер­ге, қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на және ұлт­тық, ай­мақ­тық, по­пу­ля­ци­я­лық дең­гей­ін­де ден­са­улық сақ­та­уды жос­пар­лау про­цес­сте­ріне қо­с­қан үле­сін көр­се­ту:
1. Эпи­де­мио­ло­ги­я­лық зерт­те­улер­ді құ­ра­с­ты­ру, тү­сін­ді­ру және жүр­гі­зу ке­зін­де ха­лық ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қол­да­ну;
2. Ұлт­тық, ай­мақ­тық дең­гей­де ден­са­улық сақ­тау жүй­е­сін жос­пар­ла­у­ға кө­мек­те­су үшін жер­гі­лік­ті ден­са­улық жүй­е­сін са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лық тұр­ғы­сы­нан ба­ға­ла­у­ға үлес қо­су.
B. Эпи­де­мио­ло­ги­я­лық зерт­те­улер­ді қол­дау үшін қа­уым­да­стық­пен се­рік­те­стік қа­рым-қа­ты­на­сты да­мы­ту­ға қа­ты­су:
1. Эпи­де­мио­ло­ги­я­лық зерт­те­улер үшін қа­жет­ті се­рік­те­стер мен қызығ­у­шы­лық та­ны­тқан мүд­де­лі та­рап­тар­ды анық­тау;
2. Эпи­де­мио­ло­ги­я­лық зерт­те­улер­ді жос­пар­лау, жүр­гі­зу және ба­ға­ла­уда қо­ғам­дық ма­ңы­зды нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу үшін іс-әре­кет­тер­ге қа­ты­су стра­те­ги­я­ла­рын қол­да­ну;
3. Эпи­де­мио­ло­ги­я­лық тал­да­у­ға қа­ты­са­тын се­рік­те­стер мен қызығ­у­шы­лық та­ны­тқан мүд­де­лер­дің рө­лін тү­сін­ді­ру;
4. Мақ­сат­ты топ­тар­дың пі­кі­рін ес­ке­ре оты­рып, эпи­де­мио­ло­ги­я­лық зерт­те­улер­ді әзір­ле­у­ге қа­ты­су.
Кә­сі­би қыз­мет­ті бас­қа­ру (ағым­да­ғы, стра­те­ги­я­лық жос­пар­лау және бас­шы­лық)
A. Кә­сі­би қыз­мет­те­гі ша­ра­лар­ды бас­қа­ру:
1. Мақ­сат­тар мен мін­дет­тер­ді қою;
2. Орын­да­у­шы­лар­ға та­лап­тар­ды анық жет­кі­зу;
3. Орын­да­ла­тын мін­дет­тер­дің гра­фи­гін құ­ра­с­ты­ру;
4. Топ құ­ру, мақ­сат­қа же­ту үшін адам және бас­қа ре­сур­стар­дың қа­жет­ті­лі­гін тал­дау;
5. Топ мү­ше­ле­рі­нің өз мін­дет­те­рін орын­дау ба­ры­сын­да жұ­мыс ти­ім­ді­лі­гін ба­ға­лау;
6. Нақ­ты жа­з­ба­лар­ды жүр­гі­зу.
B. Қыз­мет­тер мен жұ­мыс кө­ле­мін жос­пар­лау ке­зін­де қар­жы­лық ас­пек­ті­ле­рін тү­сі­ну және ес­ке­ру:
1. Бюд­жет­ті ұй­ым­да­сты­ру қыз­ме­ті­нің және құ­ру­дың қар­жы­лық ере­же­ле­рін бі­лу;
2. Опе­ра­тив­тік жос­пар­дың мін­дет­те­рін орын­дау үшін қа­жет­ті ре­сур­стар­ды, со­ның ішін­де пер­со­нал­ды, жаб­дық­тар­ды, ке­рек-жа­рақ­тар­ды және іс­са­пар шы­ғын­да­рын ба­ға­лау;
3. Күт­пе­ген эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ша­ра­лар нәти­же­сін­де, атап ай­тқан­да, же­дел тал­дау жүр­гі­зу және тө­тен­ше жағ­дай­лар­да туын­да­уы мүм­кін шы­ғын­дар­ды ба­қы­лау және ба­ға­лау;
4. Бел­гі­лі бір бюд­жет ше­гін­де қа­лу үшін іс-әре­кет­тер­ді қа­же­ті­мен рет­теу;
5. Ко­ман­да мү­ше­ле­рін өз мін­дет­те­рін орын­дау ке­зін­де қа­же­тіне қа­рай оқы­ту.
Көш­бас­шы­лық және жүй­е­лік ой­лау
A. Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы­ның ма­ңы­зды­лы­ғын қол­дау және на­си­хат­тау:
1. Бар­лық бағ­дар­ла­ма­лар мен іс-ша­ра­лар­да ұй­ым­ның көз­қа­ра­сын на­си­хат­тау;
2. Стра­те­ги­я­лық жос­пар­ла­уда кө­мек көр­се­ту;
3. Өзге­рі­стер­ді ұсы­ну және ен­гі­зу;
4. Эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қыз­мет­тің са­па­сын ба­ға­лау және жақ­сар­ту үшін ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рін қол­да­ну;
5. Күн­де­лік­ті өмір­де және кә­сі­би қыз­мет­те эти­ка­лық мі­нез-құлық­ты көр­се­ту.
В. Ең­бек ре­сур­ста­ры­ның да­муы­на ық­пал ету:
1. Эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ша­ра­лар­ды ти­іс­ті дең­гей­де жүр­гі­зу үшін қа­жет­ті дағ­ды­ла­ры бар ко­ман­да­ны ұй­ым­да­сты­ру;
2. Үз­дік­сіз бі­лім бе­ру­ді ын­та­лан­ды­ру;
3. Ко­ман­да­ны өз мін­дет­те­рін са­па­лы орын­да­у­ға және кә­сі­би да­муы­на ын­та­лан­ды­ру.
С. Тө­тен­ше жағ­дай­ға жа­у­ап бе­ру­ге дай­ын­дау:
1. Тө­тен­ше жағ­дай­лар­ға жа­у­ап бе­ру жос­па­рын құ­ра­с­ты­ру­да эпи­де­мио­ло­ги­я­лық пер­спек­ти­ва­ны ес­ке­ру;
2. Эпи­де­мио­ло­ги­я­лық бө­лім­ше үшін тө­тен­ше жағ­дай­лар­ға жа­у­ап бе­ру­ді жос­пар­ла­у­ға қа­ты­су;
3. Қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да тө­тен­ше жағ­дай­лар­ға кө­ңіл бө­лу.
Ден­са­улық сақ­тау са­я­са­ты­на әсер ету
A. Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лық­ты қам­та­ма­сыз ету са­я­са­тын құ­ра­с­ты­ру және тал­да­уда эпи­де­мио­ло­ги­я­лық пер­спек­ти­ва­ны ен­гі­зу:
1. Қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау са­я­са­ты тү­сі­ні­гін көр­се­ту;
2. Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­ма­ты­лық­қа қа­ты­сты са­я­сат­ты құ­ра­с­ты­ру­ға қа­ты­су;
3. Кә­сі­би қыз­мет және ғы­лы­ми зерт­те­улер­дің кө­ме­гі­мен қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау са­я­са­ты­ның қай­та құ­ры­луы­на әсер ету;
4. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­ге және қар­жы­лан­ды­ру көз­де­ріне қол­да­ны­ла­тын ере­же­лер мен заң­дар­ға, со­ның ішін­де бел­гі­лі бір мүд­де­лер­ді лоб­бир­леу мә­се­ле­сі бой­ын­ша ұста­ну.

Пән­дер мен цик­л­дар
Негіз­гі маз­мұ­ны
1.
Ба­за­лық пән­дер цик­лі
Ор­га­низ­мнің ана­то­ми­я­лық-фи­зио­ло­ги­я­лық ерекше­лік­те­рі, да­му­дың жа­су­ша­лық тетiк­те­рі, био­хи­мия, мик­ро­био­ло­гия, био­ста­ти­сти­ка­лық есеп­те­улер, эпи­де­мио­ло­гия негіз­де­рі. Ха­лық­тың, әріп­те­стер­мен қа­рым-қа­ты­нас жа­са­уда­ғы ком­му­ни­ка­ция негіз­де­рі. Қа­зах­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы қыз­ме­т­ін­де­гі нор­ма­тив­тік-құқық­тық ак­ті­лер. Адам ор­га­низ­мін кли­ни­ка­лық-фи­зио­ло­ги­я­лық зерт­теу әді­сте­рі­нің фи­зио­ло­ги­я­лық негіз­де­рі. Сы­ни ой­лау дағ­ды­ла­ры. Фар­ма­ко­эко­но­ми­ка­ның және фар­ма­ко­эпи­де­мио­ло­ги­я­ның жал­пы заң­ды­лық­та­ры. ден­са­улық­ты анық­тай­тын фак­тор­лар. Ха­лық ден­са­улы­ғын қа­лып­та­сты­ра­тын та­би­ғи және ан­тро­по­ген­ді фак­тор­лар. Био­ста­ти­сти­ка, оның ха­лық ден­са­улы­ғын және ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы ор­ган­да­ры қыз­ме­тін ба­ға­ла­уда­ғы ма­ңы­зы. Био­ме­ди­ци­на­лық эти­ка­ның негіз­гі қа­ғи­да­ла­ры мен ере­же­ле­рі. Ауа­ның, то­пы­рақ­тың, су­дың жағ­дай­ы­на са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу. Өн­ді­рі­стік ор­та­ның фак­тор­ла­ры. Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­ми­я­ға қар­сы және са­ни­та­ри­я­лық-про­фи­лак­ти­ка­лық ша­ра­лар. Дез­ин­фек­ци­я­ның, асеп­ти­ка­ның, ан­ти­сеп­ти­ка­ның мик­ро­био­ло­ги­я­лық негіз­де­рі. Ма­ңы­зды бак­те­ри­я­лық, ви­ру­стық сыр­қат­та­ну­шы­лық­тар­ды мик­ро­био­ло­ги­я­лық ди­а­гно­сти­ка­лау қа­ғи­да­ла­ры. Эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау, эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ди­а­гно­сти­ка, эпи­де­мио­ло­ги­я­лық тал­дау. Ха­лық­тың ден­са­улы­ғы са­ла­сын­да­ғы зерт­те­улер. Ра­ди­а­ци­я­лық және био­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз­дік нор­ма­ла­ры. Ха­лық­тың ра­ди­а­ци­я­лық қа­уіп­сіз­ді­гі. Есеп­ке алу-есеп бе­ру құ­жат­та­ма­сы. Іш­кі ұй­ым­да­сты­ру және бас­қа­ру функ­ци­я­сы. Ме­недж­мент­тің мақ­са­ты мен мін­дет­те­рі. Ең­бек ги­ги­е­на­сы, ба­ла­лар мен жа­сө­спі­рім­дер ги­ги­е­на­сы, та­ғам ги­ги­е­на­сы, ком­му­нал­ды ги­ги­е­на­сы са­ла­сын­да кү­ш­те­гі нор­ма­тив­тік-құқық­тық ак­ті­лер. Ха­лық­тың ден­са­улы­ғын қор­ғау және ны­ғай­ту­да мем­ле­кет­тік са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау заң­ды­лық­та­ры және ро­лі. Та­мақ кә­сі­по­рын­да­рын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық тек­се­ру схе­ма­сы. Та­мақ кә­сі­по­рын­да­ры­ның са­ни­та­ри­я­лық жағ­дай­ын ба­қы­лау. Та­мақ­тық азық-тү­лік­тер­ді стан­дар­ти­за­ци­я­лау, олар­дың ги­ги­е­на­лық және құқық­тық ма­ңы­зы. Ги­ги­е­на­лық зерт­теу объ­ек­ті­ле­рі, түр­ле­рі, әді­сте­рі және мін­дет­те­рі. Жұ­мысқа қа­бі­лет­сіз­дік – әле­умет­тік-құқық­тық ка­те­го­рия ре­т­ін­де.
2.
Бей­ін­дік пән­дер цик­лі
Қа­уіп­сіз­дік және ең­бек­ті қор­ғау. Ха­лық­тың же­ке ка­те­го­ри­я­ла­ры­ның ең­бе­гін рет­теу ерекше­лік­те­рі. Ең­бек ме­ди­ци­на­сы са­ла­сын­да қол­да­ны­ла­тын нор­ма­тив­тік-құқық­тық ак­ті­лер. Қор­ша­ған ор­та объ­ек­ті­ле­ріне са­ни­та­ри­я­лық-ла­бо­ра­тор­лық ба­қы­лау жүр­гі­зу мә­лі­мет­те­рін ба­ға­лау. Ха­лық­тың фи­зи­ка­лық да­муын, ден­са­улық жағ­дай­ын зерт­теу, ба­ға­лау әді­сте­рі. Ба­ла­лар мен жа­сө­спі­рім­дер­дің оқу қыз­ме­ті, фи­зи­ка­лық тәр­бие ги­ги­е­на­сы. Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау. Са­ни­та­ри­я­лық-про­фи­лак­ти­ка­лық, эпи­де­ми­я­ға қар­сы ша­ра­лар, со­ның ішін­де эпи­де­мио­ло­ги­я­лық тал­дау түр­ле­рі мен фор­ма­ла­ры. Ин­фек­ци­я­лық және ин­фек­ци­я­лық емес сыр­қат­та­ну­шы­лық жағ­дай­ла­ры­ның жо­ға­ры­ла­у­ын тал­дау ал­го­рит­мі. Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ба­қы­лау бас­қар­ма­сын­да жұ­мысты ұй­ым­да­сты­ру. Ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да про­бле­ма­лар­ға тал­дау жүр­гі­зу. Та­мақ кә­сі­по­рын­да­рын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық тек­се­ру схе­ма­сы. Та­мақ кә­сі­по­рын­да­ры­ның са­ни­та­ри­я­лық жағ­дай­ын ба­қы­лау. Ең­бек ги­ги­е­на­сы. Кә­сіп­тік қа­уіп­ті (тәу­е­кел­ді) ба­ға­лау. Же­ке қор­ға­ныс құ­рал­да­ры. Ең­бек жағ­дай­ы­на бай­ла­ны­сты жұ­мыс ор­нын ате­ста­ци­я­лау. Жо­ба­лау, құ­ры­лы­ста­удың ги­ги­е­на­лық негіз­де­рі және ме­ке­ме­лер­дің көр­кей­ті­лу­іне, қон­дыр­ғы­ла­ры­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар. Ком­му­нал­ды объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар. Жал­пы қа­был­дан­ған, да­ми­тын және үне­мі қай­та өзге­ріп оты­ра­тын бі­лім­дер­ді қо­сқан­да био­ме­ди­ци­на­лық, кли­ни­ка­лық және әле­умет­тік-мі­нез-құлық­тық ғы­лым­дар негі­зі са­ла­сын­да тә­жі­ри­бе­де бі­лім­дер­ді қол­да­ну және көр­се­ту.
Ескертпе:
**Практикалық дағдыларды меңгеру деңгейлері

Ті­зі­мі
Мең­ге­ру дең­гейі**
1.
Ин­ди­ви­дум­ның және по­пу­ля­ци­я­ның ден­са­улы­ғы­ның де­тер­ми­нант­та­рын, са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лық про­бле­ма­ла­ры мен қа­уіп­те­рін анық­тау.
Бі­лу
2.
Ха­лық­тың ден­са­улы­ғын зерт­теу және ба­ға­лау әді­сте­рін мең­ге­ру. Эпи­де­ми­я­ға қар­сы және про­фи­лак­ти­ка­лық ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жүр­гі­зу.
Тә­лім­гер­дің же­тек­ші­лі­гі­мен жүр­гі­зу
3.
Әзір­лен­ген және жүр­гі­зі­л­ген ша­ра­лар­дың нәти­же­сін­де алын­ған мә­лі­мет­тер­ді бас­қа­ру, олар­ды ғы­лы­ми және тә­жі­ри­бе­лік мақ­сат­та қол­да­ну.
Тә­лім­гер­дің ба­қы­ла­у­ы­мен ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу
Ха­лық, қо­ғам­дық және өн­ді­рі­стік бөл­ме­ле­рін­де мик­ро­кли­мат па­ра­метр­ле­рін, жа­рық­тан­ды­ру­ды, жы­лы­ту және ауа ал­ма­су жүй­е­ле­рін, су­дың, то­пы­рақ­тың, ауа­ның са­па­сын ба­ға­лау әді­сте­рін мең­ге­ру, олар­ды ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша ша­ра­лар ұсы­ну.
Өз бе­тін­ше қол­да­ну және мең­ге­ру
4.
Ин­фек­ци­я­лық және ин­фек­ци­я­лық емес сыр­қат­та­ну­шы­лық­ты, қор­ша­ған ор­та объ­ек­ті­ле­рі­нің жағ­дай­ын эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру. Ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы­ның ма­ңы­зды­лы­ғын қол­дау және на­си­хат­тау.
Өз бе­тін­ше ұй­ым­да­сты­ру және тал­дау

Қолданыстағы