Құжат мәтініне өту

Об определении размеров плат за пропуск через Государственную границу Республики Казахстан автомобильных транспортных средств, грузов и товаров, а также их прохождение по электронной очереди

Бұйрық · № 538 · қабылданған 25.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-182049/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении размеров плат за пропуск через Государственную границу Республики Казахстан автомобильных транспортных средств, грузов и товаров, а также их прохождение по электронной очереди Қолданыста Бұйрық ·№ 538 ·25.05.2023
19.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размеров плат за пропуск через Государственную границу Республики Казахстан автомобильных транспортных средств, грузов и товаров, а также их прохождение по электронной очереди

Қолданыста Бұйрық ·№ 538 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размеров плат за пропуск через Государственную границу Республики Казахстан автомобильных транспортных средств, грузов и товаров, а также их прохождение по электронной очереди
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ оларды электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлерін айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
538
Қабылданған күні
25.05.2023
Көрсетілген редакция
19.09.2025 182049_777579.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032584
ЭКБ идентификаторы
182049
Редакция идентификаторы
182049_777579
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:46

0 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ оларды электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлерін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 8-1-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігінің төрағасы
2023 жылғы «___» _________

1 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлері

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
– Қаржы министрінің
2023 жылғы 25 мамырдағы
№ 538 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлері
р/с №
Автомобиль көлігінің түрі
1 (бір) көлік құралы үшін төлемақы мөлшері, АЕК*
1
Жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар, электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесінде брондау күні мен уақытына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу үшін ершікті тартқыштар
1
2
Жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар Мемлекеттік шекара арқылы өткені үшін Қазақстан Республикасының кезектен тыс тәртіппен**
1
3
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жеделдетілген тәртіппен** өткені үшін жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері, ершікті тартқыштар
100
4
Жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар, қайталама брондау** кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу үшін ершікті тартқыштар
100
5
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын өткізу бойынша ЭКЖ-да броньды пайдаланғаны үшін кепілдікті қамсыздандыру (жарна)
20
* АЕК – «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен тиісті жылға белгіленетін айлық есептік көрсеткіш.
** - кезектен тыс, жеделдетілген және қайталама броньдау тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 707 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып, өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32911 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.

Қолданыстағы