Құжат мәтініне өту

Об установлении границ охранной зоны и определении режима использования земель магистральных трубопроводов, газораспределительных станций по Кызылординской области

Қаулы · № 81 · қабылданған 19.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-182094/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении границ охранной зоны и определении режима использования земель магистральных трубопроводов, газораспределительных станций по Кызылординской области Қолданыста Қаулы ·№ 81 ·19.05.2023
19.05.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении границ охранной зоны и определении режима использования земель магистральных трубопроводов, газораспределительных станций по Кызылординской области

Қолданыста Қаулы ·№ 81 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении границ охранной зоны и определении режима использования земель магистральных трубопроводов, газораспределительных станций по Кызылординской области
Атауы (қаз.)
Қызылорда облысы бойынша магистральдық құбырлардың, газ тарату станцияларының күзет аймақтарының шекараларын белгілеу және жерлерді пайдалану режимiн айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
81
Қабылданған күні
19.05.2023
Көрсетілген редакция
19.05.2023 182094_633371.kaz
Соңғы өзгеріс
19.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23L0841511
ЭКБ идентификаторы
182094
Редакция идентификаторы
182094_633371
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:53

0 Қызылорда облысы бойынша магистральдық құбырлардың, газ тарату станцияларының күзет аймақтарының шекараларын белгілеу және жерлерді пайдалану режимiн айқындау туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 121-бабына және «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 – бабының 2-тармағына, 14 – бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қызылорда облысы бойынша магистральдық құбырлардың, газ тарату станцияларының күзет аймақтарының шекаралары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Қызылорда облысы бойынша магистральдық құбырлардың, газ тарату станцияларының күзет аймақтарындағы жерлерді пайдалану режимi осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Қызылорда облысы әкімдігінің

2023 жылғы 19 мамырдағы
№ 81 қаулысына 1-қосымша
Қызылорда облысы бойынша магистральдық құбырлардың, газ тарату станцияларының
күзет аймақтарының шекаралары

Қала, аудан атауы
Жер санаты
Күзет аймақтары шекараларының көлемі, гектар
Магистральдық құбырлардың күзет аймақтарының шекаралары (құбыр осінен), метр
Газ тарату станцияларының күзет аймақтарының шекаралары (аумақ шекараларынан барлық жаққа кейін қалатын), метр
1
2
3
4
5
6
1
Қызылорда қаласы
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
107,78
25
100
2
елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi
16,3813
50
3
су қорының жері
5,15
50
4
босалқы жер
564,0187
50
Жинағы:
-
693,33
-
-
5
Арал ауданы
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
1,8378
50
100
6
босалқы жер
65,483
50
Жинағы:
-
67,3208
-
-
7
Қазалы ауданы
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
14,6599
25
100
8
елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi
27,7868
50
9
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
1,4088
50
10
орман қорының жерi
15,7898
50
11
су қорының жері
0,8072
50
12
босалқы жер
614,0135
50
Жинағы:
-
674,466
-
-
13
Сырдария ауданы
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
18,383
25
100
14
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
0,2649
50
15
босалқы жер
53,6288
50
Жинағы:
-
72,2767
-
-
16
Шиелі ауданы
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
11,6752
25
100
17
елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi
118,6139
50
18
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
3,1446
50
19
су қорының жері
3,9904
50
20
босалқы жер
150,4453
50
Жинағы:
-
287,8694
-
-
21
Жаңақорған ауданы
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
6,6416
25
100
22
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
8,2501
50
23
босалқы жер
17,6695
50
Жинағы:
-
32,5612
-
-
Барлығы:
-
1827,8241
-
-

6 Қызылорда облысы әкімдігінің

2023 жылғы 19 мамырдағы
№ 81 қаулысына 2-қосымша
Қызылорда облысы бойынша магистральдық құбырлардың, газ тарату станцияларының күзет аймақтарындағы жерлерді пайдалану режимi
Магистральдық құбырлардың, газ тарату станцияларының күзет аймақтарында:

1 1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;

2 2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;

3

3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;

4 4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;

5 5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;

6 6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;

7 7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;

8 8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.

Қолданыстағы