Об изменении и установлении границ населенных пунктов сельских округов Куркелес, Жылга, Кабланбек, Жемисти и Тегисшил Сарыагашского района Туркестанской области
Қаулы
· № 2-26-VIII
· қабылданған 16.05.2023
Заңдық күші:
Қолданыста
· 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-182129/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об изменении и установлении границ населенных пунктов сельских округов Куркелес, Жылга, Кабланбек, Жемисти и Тегисшил Сарыагашского района Туркестанской областиҚолданыста16.05.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of
replacing it: speech control matches what a person can read on the
button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same
way. #}
Об изменении и установлении границ населенных пунктов сельских округов Куркелес, Жылга, Кабланбек, Жемисти и Тегисшил Сарыагашского района Туркестанской области
ҚолданыстаҚаулы·№ 2-26-VIII·18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении и установлении границ населенных пунктов сельских округов Куркелес, Жылга, Кабланбек, Жемисти и Тегисшил Сарыагашского района Туркестанской области
Атауы (қаз.)
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Құркелес, Жылға, Қабланбек, Жемісті және Тегісшіл ауылдық округтері елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Құркелес, Жылға, Қабланбек, Жемісті және Тегісшіл ауылдық округтері елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108 бабының 1, 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Құркелес, Жылға, Қабланбек, Жемісті және Тегісшіл ауылдық округтерінің келесі елді мекендерінің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:
1) Құркелес ауылдық округінің Құркелес елді мекенінің шекарасына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 71,71 гектар жерлерді қосу арқылы, Құркелес ауылдық округінің Құркелес елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 307,06 гектар шекарасында белгіленсін;
2) Құркелес ауылдық округінің Ақниет елді мекенінің шекарасына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 5,60 гектар жерлерді қосу арқылы, Құркелес ауылдық округінің Ақниет елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 224,6 гектар шекарасында белгіленсін;
3) Жылға ауылдық округінің Қарақалпақ елді мекенінің шекарасына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 759,41 гектар жерлерді қосу арқылы, Жылға ауылдық округінің Қарақалпақ елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 2827,27 гектар шекарасында белгіленсін;
4) Жылға ауылдық округінің Жылға елді мекенінің шекарасына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 753,4 гектар жерлерді қосу арқылы, Жылға ауылдық округінің Жылға елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 3267,20 гектар шекарасында белгіленсін;
5) Қабланбек ауылдық округінің Сіргелі елді мекенінің шекарасына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 2,83 гектар жерлерді қосу арқылы, Қабланбек ауылдық округінің Сіргелі елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 225,66 гектар шекарасында белгіленсін;
6) Жемісті ауылдық округінің Жемісті елді мекенінің шекарасына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 81,64 гектар жерлерді қосу арқылы, Жемісті ауылдық округінің Жемісті елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 239,4 гектар шекарасында белгіленсін;
7) Тегісшіл ауылдық округінің Мәдениет елді мекенінің шекарасына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 1277,28 гектар жерлерді қосу арқылы, Тегісшіл ауылдық округінің Мәдениет елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 1585,72 гектар шекарасында белгіленсін.
2. Осы бірлескен Сарыағаш ауданы әкімдігінің қаулысы мен Сарыағаш аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Сарыағаш ауданы әкімдігінің қаулысы мен Сарыағаш аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ЖИ-көмекші
Заңгер таңдап, заң бойынша не маңызды екенін айтамын