О публикации в средствах массовой информации финансовой отчетности накопительным пенсионным фондом
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О публикации в средствах массовой информации финансовой отчетности накопительным пенсионным фондом
- Атауы (қаз.)
- Жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында қаржылық есептi жария етуi туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 469
- Қабылданған күні
- 26.12.2003
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2009 AI18214_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V030002663_
- ЭКБ идентификаторы
- 18214
- Редакция идентификаторы
- AI18214_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:39
0 Жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында қаржылық есептi жария етуi туралы
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1 1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1 1) еншілес ұйымдары жоқ - бухгалтерлік баланстың және пайдалар мен зияндар туралы есептің аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылмаған нысандарын;
2
2) еншілес ұйымдары бар - бухгалтерлік баланстың және пайдалар мен зияндар туралы есептің аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылған нысандарын жыл сайын, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға жылдық қаржылық есепті ұсынғаннан кейін бір ай ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiледi.
3 3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
1 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының барлық мүдделi бөлiмшелерiне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберсiн.
4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсiн.
5 5. Операция басқармасы (Төлеутаева Ә.Қ. ) қабылданған шешiм туралы ақпаратты жариялауға байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасының бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен төлесiн.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
11 Жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң жылдық қаржылық есебiн (таңдауы бойынша) жария ететiн мерзiмдi баспасөз басылымдарының тiзбесi
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
"Жинақтаушы зейнетақы қорының
бұқаралық ақпарат құралдарында
қаржылық есептi жария етуi туралы"
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
N 469 қаулысына қосымша
Жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң жылдық қаржылық есебiн (таңдауы бойынша) жария ететiн мерзiмдi баспасөз басылымдарының тiзбесi