Об утверждении Правил проведения мониторинга соблюдения режима рабочего времени государственными органами
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения мониторинга соблюдения режима рабочего времени государственными органами
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 121
- Қабылданған күні
- 29.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2023 182255_635603.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032621
- ЭКБ идентификаторы
- 182255
- Редакция идентификаторы
- 182255_635603
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:41
0 Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
0 Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2023 жылғы 29 мамырдағы
№ 121 бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
2 2. Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде (бұдан әрі - Кодекс), Заңда және осы Қағидалармен бекітілген тәртіпте жүзеге асырылады.
3 3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1 1) жұмыс уақыты - мемлекеттік қызметші жұмыс берушінің актілеріне сәйкес лауазымдық міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ еңбек заңнамасына, сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері;
2 2) жұмыс уақытының режимі - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жұмыс уақытының нормасын бөлу тәртібі;
3
3) қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесі - мемлекеттік органдардың ғимараттарына келетін адамдардың кіруін басқаруды жүзеге асыратын, техникалық, ақпараттық, бағдарламалық үйлесімге ие, бақылау мен басқарудың бірлесе әрекет ететін техникалық құралдарының (механикалық, электрмеханикалық, электрлік, электрондық құрылғылар, конструкциялар және бағдарламалық құралдар) жиынтығы;
4 4) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі -уәкілетті орган) - мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
5 5) үстеме жұмыс - қызметкер жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс (есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының қалыпты санынан тыс) орындайтын жұмыс;
4 4. Жұмыс уақытының режимі мемлекеттік органдармен бекітілетін мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленеді.
5 5. Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторингті уәкілетті органның лауазымды адамдары мемлекеттік органдарға бармай, сондай-ақ мемлекеттік органға бару арқылы жүзеге асырады.
2 2-тарау. Мемлекеттік органдарға бармай жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу тәртібі
6 6. Мемлекеттік органдарға бармай жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі.
7
7. Мемлекеттік органдарға бармай жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізудің көзі болып ақпараттық жүйелердегі мәліметтер, мемлекеттік органдардың уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынатын мәліметтері, қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесінің деректері, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар табылады.
8 8. Мемлекеттік органдар тоқсан сайын уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын есептеу нәтижесі жөнінде ақпаратты ұсынады.
Орталық мемлекеттік органдар ақпаратты уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, мәслихат аппараттары және ревизиялық комиссиялар ақпаратты уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне ұсынады.