Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о порядке использования фонда социального развития и материально-технического обеспечения органов налоговой службы

Қаулы · № 1205 · қабылданған 31.07.1997
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1823/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Положения о порядке использования фонда социального развития и материально-технического обеспечения органов налоговой службы Күшін жойған 18.03.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Положения о порядке использования фонда социального развития и материально-технического обеспечения органов налоговой службы

Күшін жойған Қаулы № 1205 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о порядке использования фонда социального развития и материально-технического обеспечения органов налоговой службы
Атауы (қаз.)
Салық қызметi органдарын әлеуметтiк дамыту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорын пайдаланудың тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1205
Қабылданған күні
31.07.1997
Көрсетілген редакция
18.03.1999 AI1823_1.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P970001205_
ЭКБ идентификаторы
1823
Редакция идентификаторы
AI1823_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:59
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Салық қызметi органдарын әлеуметтiк дамыту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорын пайдаланудың тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 18.03.1999 № 257 қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат) сәйкес Қазақстан

Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған Салық қызметi органдарын әлеуметтiк дамыту
және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорын пайдаланудың тәртiбi
туралы ереже бекiтiлсiн.

1 Салық қызметi органдарын әлеуметтiк дамыту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорын пайдаланудың тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 1 тамыздағы
N 1205 қаулысымен
бекiтiлген
Салық қызметi органдарын әлеуметтiк дамыту және
материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорын
пайдаланудың тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже салық қызметi органдарын әлеуметтiк дамыту және
материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорын (бұдан әрi - Қор)
пайдаланудың тәртiбiн айқындайды.

I. Жалпы ережелер

1. Қор Салық комитетi мен Салық полициясы департаментiнiң орталық аппараттарында және олардың аумақтық органдарында құрылады.

2. Қор:

осы органдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу қоры сомасының 25 процентi мөлшерiнде республикалық бюджет қаражатының;
еңбекақы қорының жыл iшiнде пайда болған үнемiнiң;
салықтардың, алымдардың және мемлекеттiк бюджетке басқа да мiндеттi төлемдердiң, бақылау жұмысының нәтижесi бойынша айыппұлдар мен өсiмақылардың жете есептелген және келiп түскен сомаларының, сондай-ақ әлеуметтiк сақтандыру қорларына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi жарналарды уақытында төлемегенi үшiн өсiмақылар сомаларының 10 процентi есебiнен құрылады.

3. Қордың қаражаты Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Бюджеттiк банкiнiң мекемелерiнде Салық комитетi мен Салық полициясы департаментiнiң орталық аппараттары үшiн жеке, сондай-ақ олардың аумақтық органдары үшiн жеке ашылатын "Тапсырмалар бойынша сомалар" ағымдағы шоттарында сақталады.

Қордың республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен құрылған қаражатын есепке алу ай сайын республикалық бюджет бойынша несиелер ашуға және қаржыландыруға қарай салық қызметiнiң тиiстi айға шығыстарының сметасы бойынша көзделген еңбекақы қорынан 25 процентi мөлшерiнде "Тапсырмалар бойынша сомалар" ағымдағы шотына жүргiзiледi.
Қордың еңбекақы қорын үнемдеу есебiнен пайда болған қаражатын есепке алу жылдың аяғында, 31-күнiнен кешiктiрiлмей "Тапсырмалар бойынша сомалар" ағымдағы шотына жүргiзiледi.
Қордың жете есептелген сомаларының есебiнен пайда болған қаражатын есепке алу олардың пайда болуына қарай жыл iшiнде "Тапсырма бойынша сомалар" ағымдағы шотына жүргiзiледi. Көрсетiлген қаражаттардың жалпы сомасының 50 процентi тиiстi аумақтық органдардың иелiгiнде қалады, ал 50 процентi олардың келiп түсуiне қарай айына бiр рет, есептiден кейiнгi айдың бесiншi күнiне дейiн Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi мен Салық полициясы орталық аппаратының "Тапсырмалар бойынша сомалар" шотына аударылады.

4. Қордың жыл iшiнде пайдаланылмаған қаражаты алынуға жатпайды және осы органдардың билiгiнде қалады.

II. Қордың қаражатын пайдаланудың тәртiбi

5. Қордың қаражатын пайдалану үшiн аумақтық салық комитеттерi мен облыстық салық полициясы басқармаларының басшылары, сондай-ақ Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң төрағасы мен Салық полициясы департаментiнiң директоры бекiтетiн шығыстар сметасы жасалады. Қордың қаражаты қатаң нысанасы бойынша төменде көрсетiлген мақсаттарға, мынадай мөлшерлерде:
жабдықтар, мүкәммалдар, ұйымдастыру техникаларын (оның iшiнде септеу техникаларын), көлiк құралдарын, сондай-ақ қызметтiк пәтерлер мен үй-жайлар сатып алуға - 60%;
деректер банкiнiң бiрыңғай ақпараттық-талдау жүйесiн қалыптастыруға және негiзгi функцияларын орындауға байланысты басқа да мақсаттарға - 10%;
қызметкерлердi материалдық ынталандыруға және ұзақ мерзiмдiк қарыздар беруге - 20%;
сараптамалар, консультациялар және өзге де жұмыс түрлерiн жүргiзу үшiн басқа жақтан тартылған мамандардың еңбегiне ақы төлеуге - 3%;
қызметкерлердi емдеу-сауықтыру шараларына, сондай-ақ денсаулық сақтау жөнiндегi басқа да мақсаттарға - 3%;
қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға байланысты шығыстарды төлеуге - 4% пайдаланылады.
Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң төрағасы мен Салық полициясының департаментi директорының есептi жылдың желтоқсанында жабдықтар, мүкәммалдар, ұйымдастыру техникаларын, көлiк құралдарын, қызметтiк пәтерлер мен үй-жайлар сатып алуға, сондай-ақ деректер банкiнiң бiрыңғай ақпараттық-талдау жүйесiн қалыптастыруға және негiзгi функцияларды орындауға байланысты басқа да мақсаттарға көзделген сомаларды қоспағанда, пайдаланылмаған қаражаттарды қайта бөлу жөнiндегi бекiтiлген шығыстар сметаларына өзгерiстер енгiзуге құқығы бар.

III. Лауазымды адамдардың жауаптылығы

6. Салық қызметтерiнiң басшылары мен бас бухгалтерлерi қордың

құрылуы мен мақсатты пайдаланылуының дұрыстығы үшiн жеке жауаптылықта
болады.

7. Қорға заңсыз немесе қателесiп есептелiнген қаражаттың

сомалары қайтарылуға жатады.

8. Кiнәсiнен қаражаттың заңсыз есептелуiне, сондай-ақ қор

қаражатының мақсатсыз пайдаланылуына жол берiлген лауазымды адамдар
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес
тәртiптiк және материалдық жауаптылықта болады.

IV. Қор қаражатының пайдаланылуы бойынша бақылау жасау

9. Қор қаражатының жұмсалуына бақылау жасауды салық қызметiнiң

тиiстi жоғары тұрған органдары жүзеге асырады.