Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил и условий прохождения стажировки (испытательного срока) гражданами, впервые поступающими на службу в органы военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан

Бұйрық · № 528 · қабылданған 31.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-182355/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил и условий прохождения стажировки (испытательного срока) гражданами, впервые поступающими на службу в органы военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 528 ·31.05.2023
31.05.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил и условий прохождения стажировки (испытательного срока) гражданами, впервые поступающими на службу в органы военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 528 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил и условий прохождения стажировки (испытательного срока) гражданами, впервые поступающими на службу в органы военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарына қызметке алғаш рет кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
528
Қабылданған күні
31.05.2023
Көрсетілген редакция
31.05.2023 182355_636406.kaz
Соңғы өзгеріс
31.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032643
ЭКБ идентификаторы
182355
Редакция идентификаторы
182355_636406
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:39

0 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарына қызметке алғаш рет кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

«Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарына қызметке алғаш рет кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту қағидалары мен шарттары бекітілсін.

2 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарына қызметке алғаш рет кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту қағидалары мен шарттары

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 31 мамырдағы
№ 528 Бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарына қызметке алғаш рет кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту қағидалары мен шарттары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарына қызметке алғаш рет кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарындағы әскери қызметке алғаш рет кіретін азаматтардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өтуін айқындайды.

2 2. Әскери полиция органдарындағы қызметке алғаш рет кіретін азаматтармен (бұдан әрі – кандидаттар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті әңгімелесу парағын ресімдеумен әскери полиция құрылымдық бөлімшесінің бастығы әңгімелесу жүргізеді.

Кандидаттарға әскери полиция органдарының әскери қызметшісіне қойылатын екі ай ішінде сынақ мерзімін және тағылымдаманы белгілеу туралы талаптар жеткізіледі, оның ішінде бір ай – әскери полиция мамандарын даярлау орталығында (бұдан әрі – орталық) оқытылады және бір ай – алдағы уақытта қызмет ету жерінде тікелей өтеді.

3 3. Кандидаттармен сынақ мерзімінен өту кезеңінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес үш айдан аспайтын мерзімге еңбек шарты жасалады.

4 4. Сынақ мерзімінен өту үшін кандидаттарды мемлекеттік құпияға рұқсаттың болуын көздейтін лауазымға тағайындауға, сондай-ақ мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтермен жұмыс жасайтын бөлімшелерде тағылымдаманы өткізуге жол берілмейді.

2 2-тарау. Орталықта оқу тәртібі

5 5. Кандидаттар сынақ мерзімінен өту уақытында орталықта бір ай бойы арнайы бастапқы оқытудан өтеді.

Арнайы бастапқы оқытудан өту кезеңінде кандидаттар орталық аумағында орналастырылады.

6 6. Арнайы бастапқы оқытудан өту кезінде орталық бастығының бұйрығымен кандидаттар ауыспалы құрам тізіміне қабылданады.

7 7. Кандидаттар орталықтың оқу дәрісханаларын, кабинеттерін, сыныптарын, кітапханаларын, спорт залдарын және оқу-жаттығу жабдығын пайдаланады.

8 8. Кандидаттар оқу уақытында:

1 1) әскери полиция органдары қызметінің негізгі бағыттарын зерделейді;

2 2) теориялық білім алады және практикалық дағдыларды меңгереді, әскери полиция қызметтерінің, бөлімшелерінің жұмысында тәжірибе алады;

3 3) белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы бастығының бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасында көзделген оқу жұмысының барлық түрін орындайды.

9 9. Екі пән бойынша ағымдағы және қорытынды бақылауда қанағаттанарлықсыз баға алумен сипатталатын оқу жоспары орындалмаған кезде кандидаттар орталықтан оқудан шығарылады және еңбек шарты жасалған әскери полиция органына жіберіледі.

10 10. Кандидат оқуда он күн болмаумен сипатталған науқастанған жағдайда кандидат қайта арнайы бастапқы оқытуға жіберіледі.

Кандидат науқастанған жағдайда оқытушылардың жетекшілігімен өзіндік дайындық үшін оқу материалы беріледі.
Кандидат науқастанған жағдайда растайтын құжаттарды береді.

11 11. Оқу бітіру емтихандарын жақсы тапсырған кандидаттарға мінездеме, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы бастапқы оқытуды аяқтағаны туралы куәлік беріледі.

3 3-тарау. Тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту тәртібі

12 12. Орталықта оқу аяқталғаннан кейін кандидаттар тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өтетін жерге жіберіледі.

13 13. Кандидатқа тиісті кәсіби даярлығы және айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар әскери қызметшілерден тәлімгер бекітіледі.

14 14. Әскери қызметшіні тәлімгер ретінде бекіту үшін кандидаттың тікелей бастығының баянаты негіз болып табылады.

15 15. Бір тәлімгерге екеуден аспайтын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органына алғаш рет кіретін кандидат бекітіледі.

16

16. Тәлімгер күнделікті бақылауды жүзеге асырады, таңдаған мамандығын меңгеруде көмек көрсетеді, кандидатқа функционалдық міндеттерін, оларды сапалы орындау тәсілдері мен әдістерін түсіндіреді, жол берілген қателіктерді бірлесіп талдайды және жояды, жеке үлгі көрсетумен жағымды қасиеттерін, кәсіби шеберлігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, кандидатты ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, салауатты өмір салтын ұстануға, жалпымәдени және кәсіби ой-өрісін дамытуға, патриотизмді дарытуға тартады, сондай-ақ моральдық-психологиялық тұрақтылығын және жеке тәртіптілігін нығайтады, олардың тәртіп пен заңдылықты бұзуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды.

17 17. Сынақ нәтижесі қанағаттанарлықсыз болған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кандидатпен сынақ мерзімінен өтпеген ретінде еңбек шарты бұзылады.

18 18. Сынақ мерзімінен жақсы өткен кандидат:

1 1) үш ай ішінде офицерлер құрамының лауазымына;

2 2) екі ай ішінде сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар құрамының лауазымына әскерге шақырылады.

19

19. Сынақ мерзімінен өтетін кандидаттарға төлем «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

20 20. Кандидаттар тағылымдамасының негізгі мақсаты:

1 1) кәсіби деңгейін және даярлығын анықтау;

2 2) орталықта оқу кезінде алған білімін және кәсіби дағдыларын бекіту болып табылады.

21 21. Тағылымдама кезеңінде кандидаттар тағылымдамадан өтетін тиісті бөлімше бастығының бағынысында болады.

22 22. Әскери полиция органы құрылымдық бөлімшесінің бастықтары кандидаттың жұмыс режимін белгілейді.

23 23. Тағылымдаманың негізгі міндеттері:

1 1) кандидаттардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құқық тәртібін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың жолын кесу және одан сақтандыру бойынша кәсіптік білім алуы, шеберлік пен дағдыларды меңгеруі және оны жетілдіруі;

2 2) кандидаттардың жеке басының және іскерлік қасиеттерін, тәртіптілігін дамыту;

3 3) кандидаттардың арнайы құралдарды қолданудағы дағдыларды меңгеруі және жетілдіруі;

4 4) қызметтік құжаттарды ресімдеу дағдыларын меңгеру.

24 24. Кандидат тағылымдама кезеңінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери полиция органының іс жүргізуіндегі қызметтік құжаттармен жеке тапсырмада, жұмыс жоспарында айқындалатын ауқымда танысады.

25 25. Тағылымдамадан өтетін кандидат:

1 1) атқаратын лауазымы бойынша функционалдық міндеттерге сәйкес жеке тапсырманы, жұмыс жоспарын жасайды, оны тікелей бастық келіседі, бақылайды және әскери полиция органының бастығы бекітеді;

2 2) мамандығы бойынша әскери қызмет өткеру ерекшелігін зерделейді;

3 3) қызмет өткеру тәсілдері мен әдістерін зерделейді;

4 4) әскери қызмет өткеру дағдыларын меңгереді және бекітеді;

5 5) әскери полиция органының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді зерделейді;

6 6) жеке жұмыс жоспарына атқарылған жұмыс туралы жазбаны уақтылы енгізеді;

7 7) апта сайын тағылымдама жетекшісінің алдында атқарылған жұмыс туралы есеп береді.

26 26. Тағылымдама (сынақ мерзімі) аяқталғаннан кейін әрбір кандидатқа тікелей бастық мінездеме жасайды.

Кандидаттың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өтуін растайтын материал кейіннен әскери полиция органына әскерге шақыру бойынша жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасына жолданады.

1.1 Әскери полиция органына кандидатпен әңгімелесу парағы

Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
полиция органдарына қызметке
алғаш рет кіретін азаматтардың
тағылымдамадан (сынақ
мерзімінен) өту қағидалары
мен шарттарына
1-қосымша
Нысан
Әскери полиция органына кандидатпен
әңгімелесу парағы
Р/с

Әңгімелесу мазмұны
Жауабы
1.
2.
3.
4.
5.
Әңгімелесу парағымен таныстым, онда мазмұндалған талаптар:_____________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Кандидат ___________________________________________________________
(запастағы әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
Әңгімелескен:_____________ ____________ ___________________
(әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)
20____ жылғы «___» ________

1.2 Қазақстан Республикасы

Қарулы Күштерінің әскери
полиция органдарына қызметке
алғаш рет кіретін азаматтардың
тағылымдамадан (сынақ
мерзімінен) өту қағидалары
мен шарттарына
2-қосымша
Нысан
Беткі жағы
Ішкі жағы
Ар­найы ба­стап­қы оқы­ту­дан
өту ту­ра­лы
КУ­Ә­ЛІК №________
За­пас­та­ғы­__________________________________
___________________________________________
___________________________________________
Әс­ке­ри по­ли­ция ма­ман­да­рын да­яр­лау ор­та­лы­ғын­да 20__­жы­л­ғы «__» ___ – 20 __­жы­л­ғы «__»___ ке­зе­ңін­де оқу кур­сы­нан өт­ке­ні ту­ра­лы бе­ріл­ді және мы­на­дай бі­лім­ді көр­сет­ті:
Ар­найы да­яр­лық ______________
Жал­пы­әс­ке­ри жар­ғы­лар _____________
Құқық­тық да­яр­лық ________________
Так­ти­ка­лық-ар­найы да­яр­лық _______________
Сап­тық да­яр­лық ________________
Дене шы­нық­ты­ру ______________
Әс­ке­ри по­ли­ция ма­ман­да­рын да­яр­лау
ор­та­лы­ғы­ның ба­стығы
____________ ___________
(әс­ке­ри ата­ғы) (аты, те­гі)
М.О. 20___ жы­л­ғы «__»____
СВИ­ДЕ­ТЕЛЬ­СТВО №________
о про­хож­де­нии спе­ци­аль­но­го
пер­во­на­чаль­но­го обу­че­ния
Вы­да­но____________________________­за­па­са
___________________________________________
___________________________________________
о том, что он про­шел курс обу­че­ния в Цен­тре под­го­тов­ки спе­ци­а­ли­стов во­ен­ной по­ли­ции в пе­ри­од с «__» ____20__ го­да по «__» ____20__ го­да и по­ка­зал сле­ду­ю­щие зна­ния:
Спе­ци­аль­ная под­го­тов­ка ______________
Об­ще­во­ин­ские уста­вы ________________
Пра­во­вая под­го­тов­ка _______________
Так­ти­ко-спе­ци­аль­ная под­го­тов­ка __________
Стро­е­вая под­го­тов­ка _______________
Фи­зи­че­ская под­го­тов­ка ______________
На­чаль­ник Цен­тра под­го­тов­ки спе­ци­а­ли­стов
во­ен­ной по­ли­ции
____________ ___________
(во­ин­ское зва­ние) (имя, фа­ми­лия)
М.П. «__»____ 20__ го­да
Ескертпе:

1 1. Куәлік жылтыр қағаздан жасалған альбом түрінде (көлемі 297х210 миллиметр) А4 форматындағы мұқабадан тұрады, беткі жағы – ашық көгілдір түсті негізде, ішкі жағы – ақ түсті негізде.

2 2. Куәлік мұқабасында мыналар орналастырылады:

1 1) қара түспен жазылған «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери полиция мамандарын даярлау орталығы» деген жазба;

2 2) ортасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдары белгісінің суреті;

3 3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдары белгісінің суреті астында – қазақ тіліндегі атауы.

3 3. Куәліктің ішкі жағы баспаханалық тәсілмен теріледі (деректерді есепке алмағанда, оларға енгізілетін жазба каллиграфиялық жазумен немесе баспа құрылғысының көмегімен жазылатындай етіп жасалуға тиіс).

4 4. Куәліктің сол жақ ішкі жағында қазақ тілінде жазылған мәтін, ал оң жағында – орыс тілінде жазылған бірдей мәтін көрсетіледі.

1.3 Кандидаттың тағылымдамадан өту кезеңіндегі жеке тапсырмасы және жұмыс жоспары

Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
полиция органдарына қызметке
алғаш рет кіретін азаматтардың
тағылымдамадан (сынақ
мерзімінен) өту қағидалары
мен шарттарына
3-қосымша
Нысан
Кандидаттың тағылымдамадан өту кезеңіндегі жеке тапсырмасы
және жұмыс жоспары
Бекітемін
_______________________ гарнизоны (гарнизонның атауы )
__________________________ бастығы
(әскери полиция органының атауы)
___________ _______ ______________
(әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)
20 __жылғы «___» ________
20 __жылғы «___» ________ ________________
(елді мекен)
1. Жеке тапсырма
Кандидат __________________________________________________________
(запастағы әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болса)
__________________________________________________________________
(жоспарланған лауазым мен бөлімше атауы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Кандидат _________________________________________________________
(запастағы әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
Келісілді
Бөлімше бастығы:
__________ ____________ _________________
(әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)
2. Жеке жұмыс жоспары
Кандидат __________________________________________________________
(запастағы әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болса)
__________________________________________________________________
(жоспарланған лауазым мен бөлімше атауы)
Күні
Іс-шара атауы
Бақылау нәтижесі
Тағылымдама нәтижесі бойынша қорытынды: ________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Бөлімше бастығы:
__________ ____________ ___________________
(әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)
20__ жылғы «___» _____
Тағылымдама нәтижесі бойынша қорытынды ___________________________
____________________________________________________________________
___________________ гарнизоны
(гарнизон атауы)
_____________________________ бастығы
(әскери полиция органының атауы)
____________ ______ _________________
(әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)
20 __жылғы «___» ________

2 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің күші жойылды деп танылған бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 31 мамырдағы
№ 528 Бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
күші жойылды деп танылған бұйрықтарының тізбесі

1 1) «Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3563 болып тіркелген);

2

2) «Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 88 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6810 болып тіркелген);

3

3) «Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2018 жылғы 2 наурыздағы № 127 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16592 болып тіркелген);

4

4) «Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2021 жылғы 5 мамырдағы № 284 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22733 болып тіркелген).

Қолданыстағы