Об утверждении типовой формы акта обследования семейно-имущественного положения сотрудника органов национальной безопасности Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении типовой формы акта обследования семейно-имущественного положения сотрудника органов национальной безопасности Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің отбасылық-мүліктік жағдайын тексеру актісінің үлгі нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 35/қе
- Қабылданған күні
- 31.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 31.05.2023 182361_677495.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032647
- ЭКБ идентификаторы
- 182361
- Редакция идентификаторы
- 182361_677495
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:38
0 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің отбасылық-мүліктік жағдайын тексеру актісінің үлгі нысанын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 15-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереже 15-тармағының 313-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің отбасылық-мүліктік жағдайын тексеру актісінің үлгі нысаны бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің отбасылық-мүліктік жағдайын тексеру актісінің үлгі нысаны
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2023 жылғы 31 мамырдағы
№ 35/қе бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары
қызметкерінің отбасылық-мүліктік жағдайын тексеру актісінің
үлгі нысаны
20___ жылғы «____» ___________
1 1. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 2-тармағының 2) тармақшасымен белгіленген отбасылық жағдайға байланысты
___________________________________________________________________________________
(қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)
төмен тұрған лауазымға тағайындау туралы мәселені шешу кезінде мынадай құрамдағы комиссия: _________________________________
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
оның отбасылық-мүліктік жағдайына тексеру жүргізді.
2 2. Қызметкер қызмет өткеретін мемлекеттік мекеменің мекенжайы (не болмаса әскери бөлімнің шартты атауы)
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
3 3. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына қашан қабылданды ___________________________________________________________________________________
4 4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке қабылданғанға дейін қайда жұмыс істеді (оқыған) _______________________
__________________________________________________________________________________
(лауазымы, ұйымның атауы көрсетілген)
5 5. Өзінің асырауында кімдер бар ________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
6 6. Қызметкердің отбасы құрамы:
Р/с
№
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні
Туыстық қатынасы
Тұрғылықты жері
1
2
3
4
5
7 7. Қызметкер отбасының тұрғын үймен қамтамасыз етілуі _________________________
________________________________________________________________________________
8
8. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында айқындалған, тексеру нәтижесінде белгіленген отбасы жағдайы (актіге осы жағдайды растайтын құжаттардың көшірмесі қоса беріледі) ____________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
9 9. Қызметкердің отбасылық-мүліктік жағдайына тексеру жүргізген комиссияның қорытындылары мен ұсыныстары _________________________
______________________________________________________________________________
Комиссия мүшелерінің қолы
________________________
________________________
________________________
20___ жылғы «____» ___________
10 10. Осы актімен таныстым __________________________________________________
______________________________________________________________________________
(қызметкердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20___ жылғы «____» ___________
Ескертпе:
Отбасылық-мүліктік жағдайды тексеру актісі қызметкердің жеке ісіне тігіледі.
_______________