Құжат мәтініне өту

Об ограничении на период высокой пожарной опасности посещения физическими лицами лесов и въезда в них транспортных средств, а также проведения определенных видов работ на территории государственного лесного фонда

Қаулы · № 221 · қабылданған 30.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-182371/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об ограничении на период высокой пожарной опасности посещения физическими лицами лесов и въезда в них транспортных средств, а также проведения определенных видов работ на территории государственного лесного фонда Қолданыста Қаулы ·№ 221 ·30.05.2023
30.05.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об ограничении на период высокой пожарной опасности посещения физическими лицами лесов и въезда в них транспортных средств, а также проведения определенных видов работ на территории государственного лесного фонда

Қолданыста Қаулы ·№ 221 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об ограничении на период высокой пожарной опасности посещения физическими лицами лесов и въезда в них транспортных средств, а также проведения определенных видов работ на территории государственного лесного фонда
Атауы (қаз.)
Өрт қаупi жоғары кезеңде жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлiк құралдарымен кіруіне, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры аумағында жұмыстың белгiлi бiр түрлерiн жүргiзуге шектеу қою туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
221
Қабылданған күні
30.05.2023
Көрсетілген редакция
30.05.2023 182371_635411.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23N0010015
ЭКБ идентификаторы
182371
Редакция идентификаторы
182371_635411
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:39

0 Өрт қаупi жоғары кезеңде жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлiк құралдарымен кіруіне, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры аумағында жұмыстың белгiлi бiр түрлерiн жүргiзуге шектеу қою туралы

Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 63-бабы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Өрт қаупi жоғары кезеңде жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлiк құралдарымен кіруіне, сондай-ақ Қостанай облысының мемлекеттiк орман қоры аумағында құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндiру, коммуникациялар тарту және барлық орман дақылдары жұмыстары мен орман шаруашылығын жүргiзу шектелсін.

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) мемлекеттiк орман қоры аумағында өрт қаупi жоғары кезең туралы уақытылы хабарласын;

2 2) мемлекеттiк орман қоры аумағына негізгі кіру жолдарына күзет бекеттерін орнату бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

3 3. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы