Об утверждении Правил и случаев регистрации и снятия с учета в качестве безработных членов семей военнослужащих, сотрудников специальных государственных и правоохранительных органов, органов гражданской защиты, а также лиц, находящихся на их иждивении, не осуществляющих трудовую деятельность
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил и случаев регистрации и снятия с учета в качестве безработных членов семей военнослужащих, сотрудников специальных государственных и правоохранительных органов, органов гражданской защиты, а также лиц, находящихся на их иждивении, не осуществляющих трудовую деятельность
- Атауы (қаз.)
- Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 197
- Қабылданған күні
- 02.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2025 182508_781912.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032686
- ЭКБ идентификаторы
- 182508
- Редакция идентификаторы
- 182508_781912
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:36
0
Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 16-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайлары бекітілсін.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 320 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 15865 болып тіркелді).
2
2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 162 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 28058 болып тіркелді).
3 3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін;
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
0 Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайлары
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 2 маусымдағы
№ 197 бұйрығымен
бекітілген
Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайлары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайлары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 16-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды (бұдан әрі – отбасы мүшелері) жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару тәртібі мен жағдайларын айқындайды.
2
3 3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1 1) азаматтық қорғау органдары – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның аумақтық органдары, ведомствосы және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары;
2
2) арнаулы мемлекеттік органдар − Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштерінің құрамдас бөлігі болып табылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнуіне жол бермеу мақсатында барлау және қарсы барлау қызметін, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, жедел-іздестіру және техникалық шаралар кешенін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
3
3) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі − Қор) − аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
4
4) Еңбек ресурстарын дамыту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік органның жанынан құрылатын, еңбек нарығын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыспен қамту қызметтерін әдіснамалық қолдауды, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту мен қолдап отыруды қамтамасыз ететін заңды тұлға;
5 5) жұмыссыз – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;
6
6) құқық қорғау органы − адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу, тергеу, қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін атқару жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган.
2 2-тарау. Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды тіркеу тәртібі мен жағдайлары
4
4. Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері (бұдан әрі – қызметкерлер) отбасы мүшелерін жұмыссыз ретінде тіркеу туралы ерікті нысандағы жазбаша өтінішпен және отбасы мүшелерінің тізімін қоса кадрлық қамтамасыз ету және кадрлық саясат (бұдан әрі – кадр бөлімшелері) функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріне жүгінеді.
5 5. Кадр бөлімшелері қызметкерлердің өтініштері негізінде отбасы мүшелерінің тізімдерін қалыптастырады.
6 6. Қызметкерлерден өтініштері келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кадрлық бөлімшелер Қордың ақпараттық жүйесіне отбасы мүшелерінің ағымдағы «жұмыссыз» мәртебесін көрсете отырып олардың дербес деректерін (жеке сәйкестендіру нөмірі) енгізеді.
Қордың ақпараттық жүйесі автоматты режимде ағымдағы «жұмыссыз» мәртебесімен отбасы мүшелерінің тізімдерін қалыптастырады және «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне жолдайды.