Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оценки и определения потребности в специальных социальных услугах

Бұйрық · № 200 · қабылданған 02.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-182510/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил оценки и определения потребности в специальных социальных услугах Қолданыста Бұйрық ·№ 200 ·02.06.2023
02.06.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оценки и определения потребности в специальных социальных услугах

Қолданыста Бұйрық ·№ 200 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оценки и определения потребности в специальных социальных услугах
Атауы (қаз.)
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидалары туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
200
Қабылданған күні
02.06.2023
Көрсетілген редакция
02.06.2023 182510_635720.kaz
Соңғы өзгеріс
02.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032697
ЭКБ идентификаторы
182510
Редакция идентификаторы
182510_635720
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:35

0 Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидалары туралы

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабының 5-тармақшасының жиырма жетінші азат жолына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбір бұйрықтарының және құрылымдық элементтерінің осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызмет көрсету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрге жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі

0 Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 2 маусымдағы
№ 200 Бұйрығына
1 қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті
бағалау және айқындау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5 тармақшасының 27 азат жолына сәйкес әзірленді және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдардың (отбасылардың) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген мұқтаждығын бағалау мен айқындау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер - адамның тыныс-тіршілігін обьективті түрде бұзатын негіздерді еңсеру үшін адамға (отбасына) жағдай жасауды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені;

2

2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;

3 3) әлеуметтік бейімсіздік – жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;

4 4) әлеуметтік депривация – адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айрылу;

5

5) медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілей (белгілемей) отырып, куәландырылатын адамның организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау;

5

5) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) – балаларды зерттеп-қарауды және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберетін білім беру ұйымы.

2 2 - тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау тәртібі

3

3. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік жұмыскер айқындайтын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілігін бағалау және айқындау негізінде жүзеге асырылады.

4

4. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік жұмыскер арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы қорытынды дайындайды және адамның денсаулық жағдайы, ауруының диагнозы, тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың дербес деректері туралы мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.

5 5. Жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің қорытындысының негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешім қабылдайды.

6

6. Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында (бұдан әрі – АӘҚКО) қызмет көрсетілетін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері мен көлемін осы МӘҰ-ның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы айқындайды.

7 7. Мыналар:

1 1) тыныс-тіршіліктің шектелуі;

2 2) әлеуметтік бейімсіздік;

3 3) әлеуметтік депривация;

4 4) қолайсыз әлеуметтік орта арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау кезіндегі өлшемшарттар болып табылады.

8 8. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдардың (отбасылардың) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждығын бағалау арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындау критерийлеріне сәйкес және мыналардың:

1 1) организм функцияларының бұзылу кезінде өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетін айқындау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес;

2 2) әлеуметтік бейімсізденуі кезінде, оқуға, еңбек қызметіне, бағдарлануға, қарым-қатынасқа және өзінің мінез-құлқын бақылауға жеке қабілеттеріне қарай, дербестік қабілетін айқындау негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес;

3 3) әлеуметтік депривация кезінде, өзіне-өзі қызмет етудің және осы проблеманы отбасымен шешудің жеке қабілетіне қарай, дербестік қабілетін айқындау негізінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес;

4 4) әлеуметтік ортаны бағалау, өмір сүруі үшін материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайлардың жеткіліксіздігімен немесе болмауы негізінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес айқындалады.

9 9. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдардың тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін Кодекстің 12-бабына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес белгіленеді.

10 10. Балалардың психикалық-дене және психикалық сөйлеу тұрғысынан даму деңгейін ПМПК психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру негізінде айқындайды.

11 11. Медициналық-әлеуметтік сараптама мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адам не оның заңды өкілі немесе оның отбасы мүшелерінің біреуі:

1 1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) үйде немесе жартылай стационарлық үлгідегі АӘҚКО -да қызмет көрсетілген жағдайда – жергілікті атқарушы органдарға;

2 2) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдар АӘҚКО -да тұрақты немесе уақытша тұрған жағдайда – стационарлық үлгідегі АӘҚКО -ға ұсынады.

12

12. Мүгедектігі бар адамды абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, ұсынылған МӘС нәтижелерінің және ПМПК қорытындысының, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру және ішкі істер органдары ақпаратының негізінде жергілікті атқарушы органдар мен АӘҚКО -ның әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандары әлеуметтік бейімсіздену және әлеуметтік депривация деңгейіне қарай тіршілік-тынысының шектелу дәрежесінің негізінде және әлеуметтік ортаның жай-күйіне байланысты әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтердің көлемін айқындайды.
____________________________________________

1.1 Организм функцияларының бұзылуы кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін
қызметтерге мұқтаждықты
бағалау мен айқындау
қағидаларына
1-қосымша
Организм функцияларының бұзылуы кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________
Туған күні __________________________________________________
Бағалау күні ________________________________________________
Негіздеме __________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы ____________________________
___________________________________________________________

Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту кри­те­рий­ле­рі
Дә­ре­же­сі
Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту­ді ба­ға­лау
Бел­гі (+ неме­се -)
1
Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Қа­жет­ті жағ­дай­лар жа­сал­ған кез­де өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Бі­ре­удің кө­ме­гі­мен өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту­ге қа­бі­лет­сіз­ді­гі және бас­қа адам­дар­ға то­лық тәу­ел­ді бо­лу
2
Өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Кө­мек­ші құ­рал­дар­дың кө­ме­гі­мен өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Кө­мек­ші құ­рал­дар­дың және же­ке өмек­ші­нің кө­ме­гі­мен өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру­ға қа­бі­лет­сіз­ді­гі және бас­қа адам­дар­ға то­лық тәу­ел­ді бо­лу
3
Оқу қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Кө­мек­ші құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну ар­қы­лы оқу қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Ар­найы бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да неме­се үй жағ­дай­ла­рын­да кө­мек­ші құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну ар­қы­лы оқу қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Оқу­ға қа­бі­лет­сіз­ді­гі
4
Ең­бек қыз­ме­тіне қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Маз­мұн­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кес ең­бек қыз­ме­тіне қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гі­мен өзді­гі­нен ең­бек қыз­ме­тіне іші­на­ра қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Ең­бек қыз­ме­тіне қа­бі­лет­сіз­ді­гі неме­се бас­қа адам­дар­ға то­лық тәу­ел­ді бо­лу

1.2 Әлеуметтік бейімсіздену кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін
қызметтерге мұқтаждықты
бағалау мен айқындау
қағидаларына
2-қосымша
Әлеуметтік бейімсіздену кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________
Туған күні ____________________________________________________
Бағалау күні ___________________________________________________
Негіздеме _____________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы _______________________________
______________________________________________________________

Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту кри­те­рий­ле­рі
Дә­ре­же­сі
Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту қа­бі­ле­ті­нің шек­те­луі
Бел­гі (+ неме­се -)
1
Өз бе­тін­ше оқу қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Оқу про­це­сі­нің ар­найы ре­жи­мін сақ­тай оты­рып және/неме­се кө­мек­ші құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну ар­қы­лы және/неме­се бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гі­мен жал­пы үл­гі­де­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да өз бе­тін­ше оқу қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Тек ар­найы бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да неме­се үй жағ­дай­ла­рын­да ар­найы бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша өз бе­тін­ше оқу қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Өз бе­тін­ше оқу­ға қа­бі­лет­сіз­ді­гі
2
Ең­бек қыз­ме­тіне қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Бі­лік­ті­лік­тің тө­мен­деу неме­се өн­ді­рі­стік қыз­мет кө­ле­мі­нің азаю жағ­дай­ла­рын­да, өз кә­сі­бі бой­ын­ша жұ­мысты орын­дау мүм­кін бол­ма­ған кез­де ең­бек қыз­ме­тін өз бе­тін­ше орын­дау қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Кө­мек­ші құ­рал­дар­ды және/неме­се ар­найы жаб­дық­тал­ған жұ­мыс ор­нын пай­да­ла­ну ар­қы­лы және/неме­се бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гі­мен ең­бек қыз­ме­тін өз бе­тін­ше орын­дау қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Ең­бек қыз­ме­тін өз бе­тін­ше орын­да­у­ға қа­бі­лет­сіз­ді­гі
3
Бағ­дар­лау қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Кө­мек­ші құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну жағ­дай­ын­да өзін-өзі бағ­дар­лау қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гін қа­жет ете­тін өз бе­тін­ше бағ­дар­лау қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Өз бе­тін­ше бағ­дар­лау қа­бі­лет­сіз­ді­гі
4
Қа­рым-қа­ты­нас жа­сау қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Ақ­па­рат­ты тү­сі­ну, қа­был­дау, бе­ру  жыл­дамды­ғы­ның тө­мен­де­уі, кө­ле­мі­нің аза­юы ар­қы­лы си­патта­ла­тын өз бе­тін­ше қа­рым-қа­ты­нас жа­сау қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Кө­мек­ші құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну ар­қы­лы және/неме­се бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гі­мен өз бе­тін­ше қа­рым-қа­ты­нас жа­сау қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Өз бе­тін­ше қа­рым-қа­ты­нас жа­са­у­ға қа­бі­лет­сіз­ді­гі
5
Өз мі­нез-құл­қын ба­қы­лау қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Өз мі­нез-құл­қын дер­бес ба­қы­лау қа­бі­ле­ті­нің іші­на­ра тө­мен­де­уі
Екін­ші
Өз мі­нез-құл­қын тек бөгде адам­дар­дың кө­ме­гі­мен іші­на­ра неме­се то­лық­тай дер­бес ба­қы­лау қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Өз мі­нез-құл­қын дер­бес ба­қы­лау қа­бі­лет­сіз­ді­гі

1.3 Әлеуметтік депривация кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін
қызметтерге мұқтаждықты
бағалау мен айқындау
қағидаларына
3-қосымша
Әлеуметтік депривация кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________
Туған күні _______________________________________________________
Бағалау күні _____________________________________________________
Негіздеме _______________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы _________________________________
_________________________________________________________________

Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту кри­те­рий­ле­рі
Дә­ре­же­сі
Қа­бі­ле­ті­нің шек­те­луі
Бел­гі
(+ неме­се -)
1
Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту­ге іші­на­ра қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гі­мен өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту­ге іші­на­ра қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту­ге қа­бі­лет­сіз­ді­гі және бас­қа адам­дар­ға то­лық тәу­ел­ді бо­лу
2
Дер­бес ең­бек қыз­ме­тіне қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Дер­бес ең­бек қыз­ме­тіне іші­на­ра қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гі­мен дер­бес ең­бек қыз­ме­тіне іші­на­ра қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Ең­бек қыз­ме­тіне қа­бі­лет­сіз­ді­гі және бас­қа адам­дар­ға то­лық­тай тәу­ел­ді бо­лу

1.4 Әлеуметтік ортаны бағалау

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін
қызметтерге мұқтаждықты
бағалау мен айқындау
қағидаларына
4-қосымша
Әлеуметтік ортаны бағалау
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________
Туған күні _______________________________________________________
Бағалау күні _____________________________________________________
Негіздеме ______________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы _________________________________
_________________________________________________________________

Әле­умет­тік ор­та­ны ба­ға­лау
Бел­гі
1
Же­тім­дік
2
Ата-ана қам­қор­лы­ғы­ның бол­мауы
3
Бір­ге тұ­ра­тын от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің тір­ші­лік-ты­ны­сы­ның шек­те­луі
4
От­ба­сы­ның бел­гі­лі бір тұр­ғы­лық­ты же­рі­нің бол­мауы
5
От­ба­сы­ның аз қам­та­ма­сыз еті­луі
6
Қа­ті­гез­дік
7
Со­зыл­ма­лы ау­ру­лар және бір­ге тұ­ра­тын от­ба­сы мү­ше­ле­рі ден­са­улы­ғы­ның ерекше­лі­гі
8
Бір­ге тұ­ра­тын от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің зи­ян­ды әдет­те­рі: ал­ко­голь­ді, есірт­кі­ні және те­ме­кі­ні тұ­ты­нуы және т.б.
9
Дін­ге көз­қа­ра­сы
10
От­ба­сы­ның өза­ра қа­рым-қа­ты­нас ерекше­лі­гі, кел­іс­пе­у­ші­лік мі­нез-құлық­тар
11
Тәр­би­е­леу сти­лі (ги­пер қам­қор­лық, қа­таң­да­ты­л­ған ба­қы­лау, қа­ра­у­сыздық, кө­ңіл бөл­меу және т.б.)
12
Бір­ге тұ­ра­тын от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің тәр­би­е­леу, да­мы­ту про­це­сіне қа­ты­су­ға дай­ынды­ғы
13
Әле­умет­тік-ең­бек ерекше­лік­те­рі (бір­ге тұ­ра­тын от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің кә­сі­бі, бі­лі­мі)
14
Әле­умет­тік-тұр­мыстық ерекше­лік­те­рі (от­ба­сын­да­ғы тұр­мыстық мін­дет­тер­ді бө­лу, от­ба­сын­да ар­на­у­лы әле­умет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге мұқ­таж адам қан­дай кө­мек көр­се­те­ді, ар­на­у­лы әле­умет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге мұқ­таж адам­ның үй­де­гі мін­дет­те­рі)
15
От­ба­сын­да­ғы бос уа­қыт (ар­на­у­лы әле­умет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге мұқ­таж адам­ның бос уа­қыт­та/де­ма­лыс ке­зін­де от­ба­сы­ның бас­қа мү­ше­ле­рі­мен бір­ге қа­ты­суы)
16
От­ба­сы­ның әле­умет­тік-құқық­тық ерекше­лік­те­рі және про­бле­ма­ла­ры (бұ­рын­ғы және қа­зір­гі құқық­тық жағ­дайы, ар­на­у­лы әле­умет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге мұқ­таж адам­ның от­ба­сын­да әле­умет­тік-құқық­тық қор­ға­луы)

2 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 2 маусымдағы
№ 200 Бұйрығына
2 қосымша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының
құрылымдық элементтерінің күші жойылды
деп тану туралы

1

1. «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13527 болып тіркелген).

2

2. «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 340 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24482 болып тіркелген).

3

3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесінің 2-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № №26092 болып тіркелген).

4

4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 383 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесінің 1-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29785 болып тіркелген).

Қолданыстағы