Об утверждении критериев отнесения субъектов частного предпринимательства к субъектам креативных индустрий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении критериев отнесения субъектов частного предпринимательства к субъектам креативных индустрий
- Атауы (қаз.)
- Жеке кәсіпкерлік субъектілерін креативті индустриялар субъектілеріне жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 447
- Қабылданған күні
- 06.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 06.06.2023 182576_635520.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000447
- ЭКБ идентификаторы
- 182576
- Редакция идентификаторы
- 182576_635520
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:31
0 Жеке кәсіпкерлік субъектілерін
креативті индустриялар субъектілеріне жатқызу
өлшемшарттарын бекіту туралы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған жеке кәсіпкерлік субъектілерін креативті индустриялар субъектілеріне жатқызу өлшемшарттары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Жеке кәсіпкерлік субъектілерін креативті индустриялар субъектілеріне жатқызу өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін креативті
индустриялар субъектілеріне жатқызу өлшемшарттары
1 1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін креативті индустриялар субъектілеріне жатқызу өлшемшарттары:
1 1) креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық қызметті жүзеге асыруы;
2 2) авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектісіне мүліктік құқықтарды растау;
3 3) зияткерлік қызметтің нәтижелерін және осындай қызметтен табыс табуды қоса алғанда, шығармашылық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды жүзеге асыру болып табылады.
2 2. Креативті индустриялар субъектілеріне жатқызу өлшемшарттарына сәйкестік мыналармен:
1 1) 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген өлшемшарт бойынша әділет, мемлекеттік кірістер органдарының, ұлттық статистика бюросының мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен;
2 2) 1-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген өлшемшарт бойынша тиісті авторлық немесе лицензиялық шарттың болуымен;
3
3) 1-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген өлшемшарт бойынша «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін тауарды сату не қызмет көрсету (жұмысты орындау) бойынша азаматтық-құқықтық мәміле жасау фактісінің құжаттық куәлігімен, оның ішінде банктік шоттан үзінді көшірмемен расталады.
______________________________