Об установлении предельных (максимальных) размеров земельных участков, которые могут находиться в частной собственности граждан Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении предельных (максимальных) размеров земельных участков, которые могут находиться в частной собственности граждан Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 100
- Қабылданған күні
- 12.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2025 182619_759992.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23V0885916
- ЭКБ идентификаторы
- 182619
- Редакция идентификаторы
- 182619_759992
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:07
0 Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабы 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2
2. Бірлескен «Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 30 мамырдағы № 206 қаулысы мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 31 мамырдағы № 11/166-III шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 2381 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 12 мамырдағы
№ 100 мен
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2023 жылғы 31 мамырдағы
№ 3/23-VIII бірлескен
қаулысы мен шешіміне
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының жеке меншігінде болуы
мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері
№ р/с
Аудандар
мен
қалалардың
атаулары
Жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері, (га)
соның ішінде:
жеке тұрғын үй
құрылысы
үшін
бағбандық,
сондай-ақ
саяжай
құрылысы
үшін
ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы
шаруашылық жүргізу үшін (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда)
суарылмайтын
суармалы
1
2
3
4
5
6
1
Алтай
0,20
0,15
0,50
2
Глубокое
0,20
0,12
0,30
3
Зайсан
0,20
0,15
0,30
0,18
4
Катонқарағай
0,20
0,20
0,50
0,30
5
Күршім
0,20
0,15
1,0
0,30
6
Самар
0,20
0,30
1,0
7
Тарбағатай
0,30
0,20
1,0
0,50
8
Ұлан
0,20
0,15
0,50
0,18
9
Шемонаиха
0,20
0,20
0,50
10
Риддер қаласы
0,20
0,20
0,50
11
Өскемен қаласы
0,16
0,12
0,25
12
Марқакөл
0,20
0,15
1,0
0,30
13
Үлкен Нарын
0,20
0,20
0,50
0,30