Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований к социальным работникам

Бұйрық · № 201 · қабылданған 05.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-182631/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований к социальным работникам Қолданыста Бұйрық ·№ 201 ·05.06.2023
05.06.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований к социальным работникам

Қолданыста Бұйрық ·№ 201 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований к социальным работникам
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
201
Қабылданған күні
05.06.2023
Көрсетілген редакция
05.06.2023 182631_635723.kaz
Соңғы өзгеріс
05.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032722
ЭКБ идентификаторы
182631
Редакция идентификаторы
182631_635723
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:33

0 Әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12 бабының 5 тармақшасының отыз үшінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа сәйкес бекітілсін.

2 2. Мына бұйрықтардың:

1 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 14 тамыздағы № 350 бұйрығы «Әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17383 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

2

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 383 бұйрығының 5 тармағы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29785 болып тіркелді).

3 3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми-интернет ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі

11 Әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптар

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 5 маусымдағы
№ 201 бұйрығымен
бекітілген
Әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптар

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12 бабының 5 тармақшасының отыз үшінші абзацына сәйкес әзірленді және әлеуметтік қорғау саласындағы келесі әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын ұсынады:

1 1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік жұмыскер;

2 2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

3 3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

4 4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

5 5) мүгедектігі бар балаларды және он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер жатады.

2 2-тарау. Әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптар

2 2. Әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік жұмыскердің біліктілігіне қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
жоғары санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
бірінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
екінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім, мамандығы бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

3 3. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттың біліктілігіне қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
жоғары санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
бірінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
екінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

4 4. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның біліктілігіне қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
жоғары санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
бірінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
екінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі орташа деңгейдегі маман:
жоғары санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
бірінші санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
екінші санат – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

5 5. Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкерге қойылатын біліктілік талаптары:

біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
жоғары санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
бірінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
екінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі орташа деңгейдегі маман:
жоғары санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
бірінші санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
екінші санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім немесе негізгі орта білім және әлеуметтік даярлық туралы сертификат.

6 6. Мүгедектігі бар балаларды және психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкерге қойылатын біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
жоғары санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
бірінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
екінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі орташа деңгейдегі маман:
жоғары санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
бірінші санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
екінші санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім немесе негізгі орта білім және әлеуметтік даярлық жөніндегі сертификат.

Қолданыстағы