Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Северо-Казахстанской, Восточно-Казахстанской и Жамбылской областей
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Северо-Казахстанской, Восточно-Казахстанской и Жамбылской областей
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 623
- Қабылданған күні
- 07.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2023 182674_637942.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032729
- ЭКБ идентификаторы
- 182674
- Редакция идентификаторы
- 182674_637942
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:29
0 Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
1 1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2023 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
2 2) көлемдері:
Солтүстік Қазақстан облысы – 954 474 000 (тоғыз жүз елу төрт миллион төрт жүз жетпіс төрт мың) теңгеден артық емес;
Жамбыл облысы – 4 198 828 000 (төрт миллиард жүз тоқсан сегіз миллион сегіз жүз жиырмав сегіз мың) теңгеден артық емес;
Шығыс Қазақстан облысы – 2 843 241 000 (екі миллиард сегіз жүз қырық үш миллион екі жүз қырық бір мың) теңгеден артық емес;
3 3) нысаналы мақсаты – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.