Об определении предельного размера стоимости контрольного (идентификационного) знака, средства идентификации, применяемых в маркировке табачных изделий
Қолданыста
Бұйрық
№ 629
18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении предельного размера стоимости контрольного (идентификационного) знака, средства идентификации, применяемых в маркировке табачных изделий
- Атауы (қаз.)
- Темекі өнімдерін таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 629
- Қабылданған күні
- 08.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 08.06.2023 182743_662960.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032743
- ЭКБ идентификаторы
- 182743
- Редакция идентификаторы
- 182743_662960
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:28
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0 Темекі өнімдерін таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшерін айқындау туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 7)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Темекі өнімдерін таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшері қосылған құн салығынсыз бірлігіне 2,68 теңге мөлшерінде айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі