О переименовании улиц, переулков населенных пунктов Бузулукского сельского округа Есильского района Акмолинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц, переулков населенных пунктов Бузулукского сельского округа Есильского района Акмолинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі елді мекендерінің көшелерін, тұйық көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 07.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2023 182784_636124.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23BKH85820
- ЭКБ идентификаторы
- 182784
- Редакция идентификаторы
- 182784_636124
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:29
0 Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі елді мекендерінің көшелерін, тұйық көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Бұзылық ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1 1. Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі Бұзылық ауылының көшелері, тұйық көшелері қайта аталсын:
Садовая көшесі Береке көшесіне;
Молодежная көшесі Батырхан Шүкенов көшесіне;
Мичурин көшесі Томирис көшесіне;
Рассветная көшесі Рауан көшесіне;
Степная көшесі Ұлы дала көшесіне;
Каракольская көшесі Қаракөл көшесіне;
Октябрьская көшесі Әбілхан Қастеев көшесіне;
Целинная көшесі Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне;
Солнечная көшесі Шуақты көшесіне;
Больничный тұйық көшесі Ақниет тұйық көшесіне;
Почтовый тұйық көшесі Ақжол тұйық көшесіне;
Промзона көшесі Өнеркәсіп көшесіне.
2 2. Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі Сұрған ауылының көшелері қайта аталсын:
Вокзальная көшесі Жамбыл көшесіне;
Школьная көшесі Амангелді Иманов көшесіне;
Зеленая көшесі Лев Гумилев көшесіне;
Новая көшесі Болашақ көшесіне;
Карьерная көшесі Есіл көшесіне;
Октябрьская көшесі Қызғалдақ көшесіне;
Чапаев көшесі Сәкен Сейфуллин көшесіне;
Пролетарская көшесі Жағалау көшесіне;
Автомобилистов көшесі Арман көшесіне;
Советская көшесі Жайлау көшесіне;
Элеваторная көшесі Әлия Молдағұлова көшесіне;
Зеленая көшесі Атамекен көшесіне.