Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Приозерск
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Приозерск
- Атауы (қаз.)
- Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5/38
- Қабылданған күні
- 08.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 03.12.2024 182790_738500.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23KR642909
- ЭКБ идентификаторы
- 182790
- Редакция идентификаторы
- 182790_738500
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:28
0 Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері айқындалсын.
2
2. Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы №34/239 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2680 нөмірімен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Приозерск қалалық мәслихатының
2023 жылғы 8 маусымдағы
№ 5/38
шешіміне қосымша
Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
1
1. Осы Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген, «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасына сәйкес әзірленді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 22394 болып тіркелген) (бұдан әрі-шығындарды өтеу Қағидалары).
2
2. Жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі – оқуға жұмсалған шығындарды өтеуді) «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан алынған анықтама негізінде жүргізеді.
3
3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі мүгедектігі бар балалардан және ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан, мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4 4. Үйде оқу шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.
5 5. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы шығындарды өтеу Қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Оқу шығындарын өтеу қаржыландырудың түсуіне қарай өткен айға жүргізіледі. Оқуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуына, мүгедектік мерзімінің аяқталуына, мүгедектігі бар баланы мемлекеттік мекемелерде оқыту кезеңінде, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуына, Приозерск қаласының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға көшу) әкеп соққан мән-жайлар туындаған кезде төлем келесі айдан бастап тоқтатылады.