Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня услуг, предлагаемых в рамках аутсорсинга услуг в сфере занятости населения

Бұйрық · № 209 · қабылданған 08.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-182834/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении перечня услуг, предлагаемых в рамках аутсорсинга услуг в сфере занятости населения Қолданыста Бұйрық ·№ 209 ·08.06.2023
08.06.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня услуг, предлагаемых в рамках аутсорсинга услуг в сфере занятости населения

Қолданыста Бұйрық ·№ 209 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня услуг, предлагаемых в рамках аутсорсинга услуг в сфере занятости населения
Атауы (қаз.)
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
209
Қабылданған күні
08.06.2023
Көрсетілген редакция
08.06.2023 182834_637967.kaz
Соңғы өзгеріс
08.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032757
ЭКБ идентификаторы
182834
Редакция идентификаторы
182834_637967
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:28

0 Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 12-бабы 5-тармақшасының оныншы абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

2 2. Күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 258 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 17170 болып тіркелді);

2

2) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 345 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 5-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 18912 болып тіркелді).

3 3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

0 Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 8 маусымдағы
№ 209 бұйрығымен
бекітілген
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын көрсетілетін қызметтердің тізбесі

1 1. Тіркелген жұмыссыздарға қатысты еңбек делдалдығы бойынша қызмет көрсету.

2 2. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу.

Қолданыстағы