Об утверждении и определении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Мактааральского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении и определении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Мактааральского района
- Атауы (қаз.)
- Мақтаарал ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 358
- Қабылданған күні
- 12.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2025 182878_759465.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23UG630813
- ЭКБ идентификаторы
- 182878
- Редакция идентификаторы
- 182878_759465
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:25
0 Мақтаарал ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2)-тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Мақтаарал ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2 2. Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 шілдедегі №309 «Мақтаарал ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5725 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақтаарал ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Мақтаарал ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
2023 жылғы 12 маусымдағы
№ 358 Қаулысына қосымша
Мақтаарал ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Қызмет саласы
Орналасқан алаңы, шаршы метр
м2
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
1
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, Еркіндік көшесі, жер телімі № 96
Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар
6000
5
«Асқар» дүкені;
«Молдахан» орталық базары;
«Серік» асханасы
2
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, Е.Мамбетов көшесі, жер телімі № 35/1
Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар
1679
5
«Дәулет» құрылыс материалдар дүкені
3
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Ташкент көшесі, жер телімі № 132А
Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар
58,6
5
«Мелдахан» сауда дүкені
4
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы елді мекені М.Миманжораев көшесі, жер телімі 51/1
Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар
10416
5
«Өсербай-ата» дүкені