Об утверждении Инструкции по оказанию платных услуг за сертификацию в сфере гражданской авиации Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Инструкции по оказанию платных услуг за сертификацию в сфере гражданской авиации Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін ақылы қызмет көрсету жөніндегі нұсқауын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 586
- Қабылданған күні
- 13.12.2003
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2010 AI18289_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V030002661_
- ЭКБ идентификаторы
- 18289
- Редакция идентификаторы
- AI18289_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:42
0 Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін ақылы қызмет көрсету жөніндегі нұсқауын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Заңына , "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің Заң күші бар Жарлығына сәйкес бұйырамын:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін ақылы қызмет көрсету жөніндегі нұсқауы бекітілсін.
2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Б.М.Наурзалиевке жүктелсін.
3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
4 Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін ақылы қызмет көрсету жөніндегі нұсқау 1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің Азаматтық
авиация комитеті Төрағасының
2003 жылғы 13 желтоқсандағы
N 586 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін ақылы қызмет көрсету жөніндегі нұсқау 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін ақылы қызмет көрсету жөніндегі нұсқау (бұдан әрі - Нұсқау) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегі N 651-ші қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдармен ақылы қызмет көрсету Ережелері, Мемлекеттік органдардың көрсетілген қызметіне төлем мөлшерін анықтау және бекіту Ережелері және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
2 2. Осы Нұсқау азаматтық авиация субъектілерін сертификаттық тексеру және ақылы қызмет бойынша ұйымдастыру жұмыстарын анықтайды.
3 3. Осы Нұсқауда қолданылатын терминдер мен анықтамалар мынадай:
1 1) өтінім - өтініш берушінің сертификаттық тексеру рәсімін өту үшін уәкілетті органға жазбаша өтініші;
2 2) өтінім беруші - азаматтық авиация саласындағы қызметтер Сертификатын алу үшін уәкілетті органға өтінім жасаған заңды немесе жеке тұлға;
3 3) сертификаттық тексеру - уәкілетті орган жүзеге асыратын әуежайлық қызмет көрсету жөніндегі құралдардың, жабдықтың, пайдалану рәсімдерінің, технологиялық процестердің, құжаттаманың, ұйымдастырушылық құрылымның, сондай-ақ қызметкерлер құзыреттілігінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін тексеру;
4
4) уәкілетті орган - өз құзыретінің шегінде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты, азаматтық және эксперименталдық авиацияның қызметіне және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы.
4 4. Азаматтық авиация объектілерін сертификаттық тексеру жұмыстарына төлеу келесі принциптерге негізделеді:
1 1) тиісті жұмыстарды жүргізуге, қабылданған шешімдердің нәтижесіне қарамастан, кәсіпорын, ұйым, азаматтардың жеке қаражаты қорынан уәкілетті орган бекіткен прейскурант бойынша сертификаттық тексеру және бақылау барысында өткізілген нақтылы жұмыстар келісім-шарт негізінде төлейді;
2 2) сертификаттық тексеру бойынша жұмыстардан түскен ақшалай қаржы республикалық бюджетке түседі.
5
5. Уәкілетті орган азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласында көрсететін ақылы қызмет, конкуренциядан қорғау және монополиялық әрекеттерін шектеу және оның аймақты бөлімшелері (бұдан әрі - монополияға қарсы орган) бойынша уәкілетті орган жүргізетін ақылы қызметі мемлекеттік тіркеуге енгізілуі тиіс.
2 2. Сертификаттық тексеру бойынша көрсетілетін қызмет тәртібі
6 6. Уәкілетті органның, азаматтық авиация субъекттеріне ақылы қызмет көрсету орындарында мынадай құжаттары болуы тиіс:
1 1) өтініш беруші азаматтық авиация субъектілеріне уәкілетті орган үшін қажетті құжаттардың бекітілген нысаны мен толтырылған құжаттар үлгілері;
2 2) Қазақстан Республикасының Үкіметінде 2000 жылдың 29 қазанында N 1787 бекітілетін Қазақстан Республикасында міндетті сертификаттауға жататын азаматтық авиация саласындағы қызметтер номенклатурасы;
3 3) уәкілетті орган бекітетін сертификаттық тексерудің типті бағдарламасы мен сертификаттық талаптар, құжаттар тізімі;
4 4) толық көлемдегі мазмұны бар осы Нұсқау;
5 5) монополияға қарсы органдарымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен біріге ақылы қызметтің бағаларының прейскуранты бекітіледі;
6 6) қызмет көрсету шарттары мен тәртібі (уәкілетті органның жұмыс режимі, банк деректері, қызметтік жеңілдіктер, өтінімді қарастыру тәртібі).
7 7. Прейскурантта келтірілмеген қызмет үшін ақы алу тиым салынады.
8 8. Уәкілетті орган, өтінішшіге заңнамада қарастырылмаған негіздерде ақылы қызмет көрсетуден бас тартуға құқы жоқ.
3 3. Сертификаттық тексеру және бақылау бойынша қызметтердің төлем мөлшерінің тәртібін белгілеу және анықтау
9 9. Ақылы қызмет көрсетудің бағаларын бекіту және олардың өзгертулері тоқсанда 1 реттен кем болмайды. Бекітілген бағалар тоқсанның 1 күнінен бастап енгізіледі.
Бағалардың бекітуі мынадай тәртіпте жүзеге асырылады: