О внесении изменений в некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 113
- Қабылданған күні
- 09.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2023 182906_637074.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032778
- ЭКБ идентификаторы
- 182906
- Редакция идентификаторы
- 182906_637074
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:26
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 9 маусымдағы
№ 113 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1 1. «Медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 32263 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Медициналық оңалту ТМККК, МӘМС, ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде және ақылы негізде көрсетіледі.».
2
2. «Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31762 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1) АИТВ – инфекциясы адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына алып келетін созылмалы инфекциялық ауру;
2) жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі азаматтары;
3) ЖЖБИ – жыныстық қатынас арқылы неғұрлым жиі жұғатын инфекциялық аурулар;
4) консультация беру – даярланған маман жеке немесе топтық жұмыста басқа адамға қолдау көрсететін немесе басшылықты жүзеге асыратын процесс;
5) клиникалық хаттама – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;
6) қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер – аурулар мен жарақаттардың диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және олардың профилактикасы, медицина қызметкерлерінің өзара, жеке тұлғалармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен қашықтықтан өзара іс-қимыл жасауын, көрсетілген адамдарды сәйкестендіруді, сондай-ақ олар жасайтын әрекеттерді құжаттауды қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар арқылы зерттеулер мен бағалауды жүргізу мақсатында медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
7) репродуктивтік денсаулық – адамның толққанды ұрпақты өмiрге келтіру қабiлетiн көрсететін денсаулығы;
8) мінез-құлықтың қауіпті түрлері – денсаулыққа, физикалық немесе әлеуметтік әл-ауқатқа жоғары дәрежеде қауіп төндіретін мінез-құлық.»;
3
3. «Дене жаттығуымен шұғылдануды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-166/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21551 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 84-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Дене жаттығуымен шұғылдануды жүргізудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 84-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және дене жаттығуымен шұғылдануды жүргізу тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ алып тасталсын.