Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования для спасения людей в случае крайней необходимости средств связи, транспорта, имущества и иных материальных средств организаций, находящихся в зонах чрезвычайных ситуаций

Бұйрық · № 319 · қабылданған 13.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-182928/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования для спасения людей в случае крайней необходимости средств связи, транспорта, имущества и иных материальных средств организаций, находящихся в зонах чрезвычайных ситуаций Қолданыста Бұйрық ·№ 319 ·13.06.2023
27.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования для спасения людей в случае крайней необходимости средств связи, транспорта, имущества и иных материальных средств организаций, находящихся в зонах чрезвычайных ситуаций

Қолданыста Бұйрық ·№ 319 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования для спасения людей в случае крайней необходимости средств связи, транспорта, имущества и иных материальных средств организаций, находящихся в зонах чрезвычайных ситуаций
Атауы (қаз.)
Адамдарды құтқару үшін, аса қажет болған жағдайда, төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
319
Қабылданған күні
13.06.2023
Көрсетілген редакция
27.08.2025 182928_782346.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032788
ЭКБ идентификаторы
182928
Редакция идентификаторы
182928_782346
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:24

0 Адамдарды құтқару үшін аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған адамдарды құтқару үшін аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгілінген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

0 Адамдарды құтқару үшін аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидалары

Төтенше жағдайлар
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 13 маусымдағы
№ 319 Бұйрықпен
бекітілген
Адамдарды құтқару үшін аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидалары

1 1-Бөлім. Жалпы ережелер.

1

1. Осы төтенше жағдайлар аймақтарындағы ұйымдардың аса қажет болған жағдайда адамдарды, байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын құтқару үшін пайдалану қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және құтқарушылардың төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану тәртібін айқындайды.

2 2. Аса қажеттілік жағдайлары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп-қатер төнген кезде басталады.

3 3. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалануды тұрақты штаттық негізде немесе ерікті бастамамен құрылатын авариялық-құтқару қызметтері мен авариялық-құтқару құралымдарының құтқарушылары жүзеге асырады.

Құтқарушылардың төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалануы және қайтару мерзімі туралы шешімді төтенше жағдайларды жою басшысы қабылдайды және бұйрықтармен (өкімдермен) ресімделеді.

4 4. Төтенше жағдайларды жою басшысының шешімі негізінде құтқарушылар төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың басшыларынан байланыс құралдарын, көлікті, мүлікті және өзге де материалдық құралдарды қабылдап алады.

5 5. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану осы ұйымдар қызметінің бұзылуына әкеп соқтырмауы тиіс.

6

6. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану үшін құтқарушылар ұйымдардың адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда қажетті байланыс құралдарының, көліктің, мүліктің және өзге де материалдық құралдарының тізбесін айқындайды.

7 7. Авариялық-құтқару қызметінің немесе авариялық-құтқару құралымының басшысы ұйым басшысымен бірлесіп осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес қабылдап алу актісін, ал авариялық-құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін пайдаланылған мүлікті беру актісін екі данада жасайды.

1 Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда материалдық құралдарды қабылдап алу актісі

Адамдарды құтқару үшін және аса
қажет болған жағдайда төтенше
жағдайлар аймағындағы ұйымдардың
байланыс, көлік құралдарын,
мүлкі мен өзге де материалдық
құралдарын пайдалану қағидаларына
1-қосымша
Бекітемін
Төтенше жағдайларды жою басшысы
________________________________
20____ ж. _____ ________________
Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда материалдық құралдарды қабылдап алу актісі
Авариялық-құтқару қызметінің немесе авариялық-құтқару құралымының басшысы
____________________________________________________________
Ұйым басшысы _______________________________________________________
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес _______________________________________
ұйымынан адамдарды құтқару жұмыстарын орындау уақытына мынадай материалдық құралдар:
байланыс құралдары ________________________________________________
көлік _______________________________________________________________
мүлік _______________________________________________________________
өзге материалдық құралдар ___________________________________________
қабылдап алғаны туралы осы актіні жасасты.
Материалдық құралдардың техникалық жай-күйі _________________________
Авариялық-құтқару қызметінің немесе авариялық-құтқару құралымының
басшысы ____________________________________________________________
(тегі, аты-жөні)
Ұйым басшысы _______________________________________________________
(тегі, аты-жөні)

2 Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда материалдық құралдарды қайтарып беру актісі

Адамдарды құтқару үшін және
аса қажет болған жағдайда төтенше
жағдайлар аймағындағы ұйымдардың
байланыс, көлік құралдарын, мүлкі
мен өзге де материалдық құралдарын
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
Бекітемін
Төтенше жағдайларды жою басшысы
________________________________
20____ ж. _____ ________________
Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда материалдық құралдарды қайтарып беру актісі
Авариялық-құтқару қызметінің немесе авариялық-құтқару құралымының
басшысы ____________________________________________________________
Ұйым басшысы _______________________________________________________
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ______
____________________________________________________________________
ұйымына адамдарды құтқару жұмыстарын орындау уақытына пайдаланылған
мынадай материалдық құралдар:
байланыс құралдары __________________________________________________
көлік _______________________________________________________________
мүлік _______________________________________________________________
өзге материалдық құралдар _____________________________________________
қайтарылатыны туралы осы актіні жасасты.
Материалдық құралдардың техникалық жай-күйі __________________________
Материалдық-құтқару қызметі немесе авариялық-құтқару құралымының
Басшысы ____________________________________________________________
(тегі, аты-жөні)
Ұйым басшысы _______________________________________________________
(тегі, аты-жөні)

Қолданыстағы